Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:43

Жетісу облысында қытайлық цемент зауыты 264 млн теңгеге айыппұл төледі

айыппұл
Фото: из открытых источников

Жетісу облысында «Alacem» ЖШС пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені үшін 264,2 млн теңге айыппұлға тартылды.

Экология департаменті мен табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, компания 2022 жылдан бері лицензиясы бола тұра, әктас өндіруді рұқсат етілген аумақтан тыс жерде жүргізген. Сараптама нәтижесінде заңсыз өндірілген шикізат көлемі 90 мың текше метрден асқаны анықталған.

Сот барысында компанияның дәлелдері қабылданбады. Қорғау тарапы ұсынған материалдар талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ нақты топографиялық деректер ұсынылмаған.

Нәтижесінде сот «Alacem» ЖШС-ін кінәлі деп танып, келтірілген шығын көлемінде – 264 млн теңге айыппұл салды. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот шешімі 30 күн ішінде шағымданбаса, заңды күшіне енеді.