Жетісу облысында көпбалалы ана әкіммен кездесуден соң өз-өзіне қол жұмсаған

Желіде Жетісу облысында 35 жастағы көп балалы ана әкіммен кездесуден кейін өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарауда, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
35 жастағы Балжан Өзбекова аспириннің он қорабын ішіп қойған, құрбысы 28 желтоқсан күні ауруханаға апарғанмен, бір күннен соң көз жұмған. Ал марқұмның енесі әкім үйлеріне полиция жіберіп жағдайды ушықтырғанын айтып отыр. Ақсу ауданы әкімі Берік Тынышбаев Балжанның өліміне еш қатысым жоқ дейді.
Ол кабинетіме кіріп келіп, дәрінің бос қағаздарын столыма тарсылдатып қойды. Өлгісі келетінін айтты. Аузына келгенді айтып, есікті тарс жауып шығып кетті. Мен полиция шақырып, оны табуды сұрадым. Сенбесеңіздер бүкіл жағдай камерада жазылып қалды, - дейді әкім.
Марқұм болған келіншектің он айлық баласы Айбол 5 күн ана сүтін ішпей ауырып, ауруханаға түскен.
Құрбысы оқиғаның мән-жайымен бөлісті.
"28 желтоқсан күні кешке сағат 17 шамасында ол маған қоңырау шалып, Ақсу ауданының әкімі оны кабинеттен қуып жібергенін айтты.
– Оның дауысы дірілдеп, өксігін әрең басып, шағымданушылар мен немқұрайлы шенеуніктермен күресуден шаршағанын айтты. Әрі ол маған сол сәтте таблеткаларды ішіп қойғанын, өмір сүргісі келмейтінін айтты. Мен оның айтқанын қатты қорқып кеттім"- деді құрбысы.
Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.