Жетісу облысында трансұлттық есірткі сатушы топ ұсталды
Жетісуда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрамында шетелдіктер мен Қазақстан азаматтары бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады.
Бұл топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарды.
"Шетелдіктің жазда Францияда жүрген кезінде туысқанына шетелде жұмыс ұсынғаны анықталды. Қазақстанға келгеннен кейін олар куратордың бақылауымен есірткі зертханасын ұйымдастырып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстандық қолдау көрсетті. Оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, есірткі заттарын сақтаумен де айналысқан», - деді Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Ұстау кезінде 6 келіге жуық мефедрон мен арнайы техника тәркіленді. Күдіктілер қамауда отыр.
Қылмыстық схемаға қатысушылардың барлығын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша тергеу жүріп жатыр, деп атап өтті Қуандық Әлжанов.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі полицейлердің Қазақстанда қылмыстық топ мүшелерін ұстағаны туралы хабарлаған болатын.