Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:16, 14 Желтоқсан 2023

Жетісу су тапшылығын тарта ма?

жетісу
Фото: из открытых источников

– Еліміздегі су саласының мамандары 2035-40 жылға қарай Қазақстандағы суға сұраныс 45 пайызға артып, су жетіспеушілігі білінетіндігін хабарлап отыр. Қазақстан президенті өткен жолдауында су проблемасын шешуді мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде белгілеп, 2025 жылға дейін өңірдің ауыз сумен толық қамтылатындығын айтқан еді.

– Өзіңіз білесіз, Жетісу облысының құрылғанына ұзақ уақыт болған жоқ. Соған қарамастан, қазірде Жетісу облысындағы ауыз су мәселесі біршама жүйеге түсті деуге болады. Бүгінде облыста 358 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның 6-ы қалалық жер болса, 352-сі ауылдық елді мекендер. Жалпы облыстағы қалалардың ауыз сумен қамтылу деңгейі 100%-ға жеткен болса, ауылдық жерлердің өзіндегі көрсеткіш 90%-ға жеткен. Бұдан бөлек 28 елді мекен орталықтандырылмаған сумен, 7-і тасымалданатын сумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен тағы 2 ауыл (Бесағаш, Бірлік
ауылдары) жабдықталып, 10 ауыл мен қаладағы 3 объектіде (175,3 км) желілер қайта жаңартылатын болады. Бүгінгі таңда 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 54,4 км жерде сумен жабдықтау желілері салынып, қайта жаңартылды. 2024 жылға республикалық бюджеттен жалпы сомасы 7,0 млрд теңгеге 295 км-ды қамтитын 11 жоба қолдау тапты.
2025 жылдың соңына дейін халық саны 697,9 мың адамды (100%) құрайтын облыстың 331 елді мекенін орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

– Облыста үй кезегінде тұрған 30 мың адам бар көрінеді. Биылғы жылы қанша тұрғын үй іске
қосылды?

– Облыс бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны 30 153 адамды құрайды. Оның ішінде: халықтың әлеуметтік осал топтары – 13 179 адам, мемлекеттік сектор қызметкерлері – 8600 адам, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 3118 адам, көпбалалы аналар – 5151, мүгедектер мен соғыс ардагерлері – 5 адам, сондай-ақ тұрғын үйі апатты деп танылған 100 адам бар. Биылғы жылы барлығы 1066 отбасы тұрғын үймен қамтылып, баспаналы болды. Олардың ішінде 253-і көпбалалы аналар, 414-і әлеуметтік осал отбасы және 98 жетім балалар. Алдағы уақытта облыста тағы 323 мың шаршы метр тұрғын
үй іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге көп. Егер айтылған жұмыс сәтті жүзеге асар болса, кезекте тұрғандардың шамамен 14-15%-ы
баспанаға ие болады. Сонымен қатар демеушілер көмегімен атқарылып жатқан істерді де айтпай кетуге болмас. Мәселен, әлеуметтік осал топтағыларға арналған 180 пәтерлік үш үй
мен Қаратал, Кербұлақта, Панфилов аудандарында бой көтерген көпбалалы отбасыларға арналған 27 жеке тұрғын үй өз иелеріне табысталды. Мұндай қарқынмен алдағы 4-5 жыл
ішінде кезекте тұрғандар азаматтарды толық қамтимыз дей алмасақ та, 40-50%-ға азайтатын боламыз.

– Көгілдір отын жеткізу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? –Жалпы газдандыру елдегі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық бірқатар мәселелерді атап өтудің бірден-бір
жолы. Осы себепті де мемлекет өңірлер мен елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге аса маңыздылық береді. Өткен жылы Жетісу облысына барған сапарында президент 2025
жылға дейін өңірдегі көгілдір отынды жеткізу жұмыстарынтолық аяқтауды тапсырған еді. Президент өңірді газдандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша биылғы жылы
газ тарату желілерін салу бойынша 8,6 млрд теңгелік 22 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда барлығы 1061 км-ден 814 шақырымында газ тарату желілері салынды. Облыста
358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады. Қазіргі таңда соның 26 елді мекеніндегі 298 мың адам газға қол жеткізіп отыр. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде халықтың
жалпы саны 10,5 мың адам болатын 6 елді мекеннің тұрғындары табиғи газға қол жеткізді. Оның ішінде 2019 жылы салынған және осы уақытқа дейін пайдаланылмаған
«Үштөбе» АГТС іске қосу-реттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Осы бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасатын болады. Биыл жыл соңына дейін тағы 7 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Ал 2024 жылға Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен
Талдықорған қаласында құны 10,4 млрд теңге болатын 23 жоба жоспарланған. Сондай-ақ Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді мекендерін газдандыру үшін «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу үшін ЖСҚ әзірлеу аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қарауына жіберілді. Бұл жоба іске асса, табиғи газға шамамен 124 мың адамнан тұратын 66 елді мекен қосылатын болады.

  Қосқанат Бауыржан
    Жетісу облысы