Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:12, 06 Қараша 2024

Жетісуда түнде жер сілкінісі тіркелді

жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

Сейсмологтар Жетісу өңірінде түнде жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігі «ҰҒТАО» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 5 қарашада Астана уақытымен сағат 22:58-де тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде орналасқан», - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеген.

Еске сала кетейік, 5 қараша күні таңертең Алматы облысы мен Алматыда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Мегаполисте жер сілкінісі 3 балл, Талғарда 4 баллға дейін сезілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жыл соңына дейін жойқын жер сілкінісі болмайды деп сендірді.