Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:50, 26 Қазан 2022

Жигули Дайрабаев: Агробизнес үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құру қажет

None
None

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауалды үгіт аясында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті.

Кездесуге ірі шаруа қожалықтарының басшылары, қарапайым фермерлер, мақта өсірушілер мен диқандар қатысты.

Кандидат Жигули Дайрабаев кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қаржыландырудың, жер және техникалық ресурстардың қолжетімділігі мәселелерін қозғады. Түркістан облысы фермерлердің көп шоғырлануымен және АӨК құрылымындағы үй шаруашылықтары үлесімен ерекшеленетіндіктен, бұл – өңір үшін ерекше өткір проблема.

«Шағын шаруалар кооперациясы мәселелерінің шешілу деңгейі төмен, жер үлескерлері мен шартты жер үлестеріне иелік етушілер арасында дау мезгіл-мезгіл туындап тұрады. Мен сайлауалды бағдарламамда осы мәселелерді шешудің жеке бағытын белгіледім. Мен агробизнес құрғысы және аграрлық саланы нығайтқысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құруды ұсынамын», — деді Жигули Дайрабаев.

Тегтер: