Жиырма бір жыл бұрынғы жеңіс

1999 жылы Хьюстонда бокстан әлем біріншілігі өтті.51 келілік салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Болат Жұмаділов қазақ балаларыныңарасынан тұңғыш рет дүние жүзініңчемпионы атанды.
Санада сақталған сәттер кейде көңілімізді қазір де шатқылады…
Біз күтпегенсапар
— Әлембіріншілігіне барғың келе ме?
Елең етеқалдық. Авторы кім екен? Қазақстан құрама командасының бас бапкері ТұрсынғалиЕділов кезекті жаттығу аяқталар сәтте қасымызға келгенде түсіндік. Шәкірттеріншыңдап, өзі де қара терге малшынғанмаманның ұсынысына іш жылып қалды «Ішпесең де май жақсы». Қазақ боксшыларыныңөнерін анау Америка барып тіке тамашалау кімге де болса арман ғой.
- Кімапарғалы жатыр бізді? Ептеп езу тарттық,білем. Әлде бір таңданыс әлпетімізден көрініс берген шығар.
- Барғыңкелсе, Бекет ағаға айтамыз. Ағамыз қолдайды. Оған сенімдімін!
- Рахмет,жылы сөзіңізге де жанымыз семіріп қалды негізі… Бапкер күлді шамасы. Әлдеөзінің табиғаты сондай.
Әңгіменіңбас-аяғы осы. Артынша бұл тақырып ұмыт болған. Ұмытқан біз екенбіз. Ұлттыққұраманың бас бапкері әлгі ұсынысқа ұқыппен қарапты. Күндердің күнінде елдегібокс қауымдастығының жауапты қызметкері хабарласты. Құжатымызды сұратып, билеталды. АҚШ визасы өз мойынымызда. Оның не машақат екенін суреттесек елден шығумұң болып кетер. Сондықтан қазір құрамаға ілесіп, мұхит асудың қамынакірісейік. Әңгіменің қызығы да сол жақта. Айтпақшы, Тұрсынғали Еділов бастаған былғары қолғап шеберлеріалдымен Италияда жаттығып, жарысқа таман ары қарай Америка аса салады. Біздіңтоп Амстердам арқылы Хьюстонға тіке тартатын болды.
Міне, Алласәтін салып, мұхит бетін көктеп өтугедайын тұрмыз. Көкпен өтуге деуге декелетін шығар. Тексеруден соң біздің топ тегіс белгіленген орындарғажайғасты. Даңқты боксшы КәрімжанӘбдірахманов секілді саңлақпен бірге ұшаққа мінгенде ұзақ жолды өз пайдамызға шешуді ойладық.Пайдамыз, бокс мектебінің озық шәкірттерімен емін еркін сөйлесуге мүмкіндіктуды. Талғат Бердібеков, Михаил Юрченко, Болат Жұмаділовтің жеке бапкері ФеликсЦой, төреші Серік Әбденәлиевпен сұхбат құру бір ғанибет қой. Қазақ спортының фото шежірешісі ДендербайЕгізов те кісі зеріктірмейді. Алып ұшақ ала бұлтты бауырына алған сәттен қазақбоксының мықтыларымен кезек сөйлесіп, ақпаратқа әбден кенелетін секілдіміз.Дереу іске кірістік. Кәрімжанның спорттық жолы, Талғаттың бокстағы тағдыры,Михаилдың рингтегі ізі жайында естіп, білдік. Әсіресе Феликс Цойға үйірміз.Үйір болатынымыз, қобалжып келеді. Қобалжыған адам көңілін сөзбен сергітетіні,және сөйлесетін адам іздейтіні белгілі. Құлақ түруге біз дайын едік.
- Болаттыойлап келемін, — дейді өзі.
- Уайымдаппа?, — деп анықтай түсеміз біз.
— Уайымболғанда, бұл біздің соңғы мүмкіндіктердің бірі. Осыны түсіну керек. БаяғыдаБарселонада бағы жанып кететін спортшы еді ғой. Бабы мықты еді. Жасындайжарқылдаған жас кезі. Жанарынан от шашырап тұратын. 1992 жылы олимпиада рингінешыққанда бар ғой, талайын сабайтын еді. Не саясат екенін, мүмкіндік бермеді.
— 1995жылы әлем чемпионы атанатын шығар деп ойлап едік…
- Өзіңде көрдің ғой. Неміс боксшысынан ұтылған жоқ. Жеңіске жетті деп айтуға келеді.Нәтижесі не болды? Төреші кімнің қолын көтерді?
- Олжағы түсінікті ғой. Золтан Лунка жартылай финалда Куба үміті Рауль Гонсалестіұтты. Қазылар сол жанкештілігін де қаперде ұстаған болар…
- Көрдікқой, ол жекпе-жекті де. Жарайды, өткен күнге өкпе жоқ. Лунка Румыния чемпионыатанып, кейіннен Германия туы астында рингке шығып жүр. Берлиндегі әлембіріншілігіне оны әдейі салды ғой, немістер.
- Лунка 1996жылы Атланта олимпиадасында да жақсы өнер көрсетті. Жартыла финалда сіздішәкіртке тап болмағанда…
- АтлантаБерлин емес. Оның қабырғасы Золтанға қорған бола алмайды. Болат есесінқайтарды. Және жақсылап тұрып қайтарды. Соққыдан көз аша алмады анау Лунка.
— Дұрысайтасыз. Ал, Америкадағы қарсыластарды да әбден зерттеп, әрқайсысыныңшама-шарқын жеке-жеке талдаған шығарсыз.
- Хьюстонрингіне шығатын спортшыларды түгел танимыз. Не мықтылар келеді енді. Аргентинабоксшысы Омар өте жақсы. Лақап атын білесің бе?
- Жоқ
- «Дауыл».«Дауыл» десе дауыл. Қолды, аяққа тұрмайды. Түбі кәсіпқой боксқа кетеді ау.
- ОмарАндрес Нарваэс Атлантада алысқа ұзамады ғой.
- ЕсесінеБудапеште өзін көрсетті. Егер Куба боксшысы Мануэль Мантилия жартылай финалдатоқтатпағанда әлем чемпионы атанар еді.
- Болатсол біріншілікте башқұрт Ильфат Разяповтан өте алмады…
— Ол дабір өкініш…
Әңгімежетегіндегі біздер көзді ашып жұмғанша Нидерландыға жеттік, Амстердамнан атауыстырып мініп, Америкаға қарай самғадық. Кәрімжан және өзге де жігіттерменсөйлесіп отырғанда Хьюстонға келіпқалыппыз. Негізі Алматыдан шыққалы отыз алты сағат өтіпті. Отыз алты сағаттаотыз алты секунд көз ілмедік. Ұйқы келмейтіні, сұхбат құратын адамдар күндеқолға түсе бермейді. Хьюстонға келген бетте яғни, зәулім қонақүйгеорналасқаннан кейін жұмсақ төсекке құлағымыз келген. Алайда бірнеше бапкерФеликс Цойдың бөлмесіне жиналатын болыпты. Олар шақырған соң ұйқыны тағы іркетұрып, соңдарынан ердік.
Бөлмеде ақтарылған сыр. Құпия кім үшін?
Феликс ағадастарханды жайнатып тастапты. Амстердам мен Хьюстон арасындағы он сағатқа жуықуақытты ұйқыға арнаған. Кәдімгідей тыңайып қалғаны көрініп тұр. Маңындағылар дакөз шырымын алған секілді. Көз ілмеген біз ғана. Табиғаты тараздық емес пе,әлем біріншілігіне мол дайындық көріпті, Феликс ағай. Қазы-қарты, жал-жаяданмол қамтып, қоржынына сала келген. Шай ішіп, маңдай жіпсіп, әңгіме тағы жарасақалды.
Екі-үш бапкер салқындап алу үшін сыртқа беттегендеЦой бапкер бізге бір сырының ұшын шығарды.
- Тілшісіңғой. Жадыңда жүрсін. Бірақ ешкімге тіс жарма. Жарай ма?
- Әрине!
— Құпия!Мен үшін маңызды!
- Түсінеміз.
— Түсінсең,бір қуанышты ішім сезеді. Ол кезде Болат он бес жаста болуы керек. Әйелім бірқұрбысын үйге шақырыпты. Жаттығудан кешірек, шаршап келген бетім. Қыздардыңәңгімесін бұзғым келмеді ма екен. Үйге кірген бетте қонақпен амандастым да, сәлтынығып алайын деп, жатын бөлмеге өттім. Бірнеше минуттан кейін әйелім келіптұр. «Не, жаратпай қалдың ба, құрбым сені шақырып кел деді». Жаратпаған дәнеңемжоқ. Дереу тұрып, дастархан басына жайғастым. Құрбысы сөзщең бе, шешен бе,бәрін біліп алған. Менің жағдайымды тәпіштеп сұрады. Сосын ойланып отырып,«Қазір қасыңда арық бала бар, ия! Бағың сонымен жанады. Дастарханға шақырусебебім сол еді. Енді ұйықтай беріңіз», — деді. Тұрып кеттім бе. Әлде әңгімесінтыңдап отыра бердім бе, ол жағы есімде жоқ. Тіпті әлгі сөздерін ұмытып такетіппін. Бағана түс көрдім. Түсіме баяғы әйелдің түрі емес, сөзі енді. Нешежылдан кейін түсімде естілді. Ғажайыпқа сенуге бола ма?
- Ғажайыптыбілмеймін. Адамды үміт алдамайды дейді.
- Үмітболғанда, Болаттың бағы баяғыда жанар еді ғой. Айттым ғой жолда. Дастархандакеле салып жайғанымда осындай бір астар жатыр. Қазір қазақ болып кеттік қой,тегіміз кәріс болса да. Ырымдаймыз. Қуаныштың дастарханы секілденсін. Үлкентойдың бастауы дегендей. Әрине, білемін. Тым ерте. Тіпті сәл тынығып ертеңнемесе бірсүгіні шақыруға болатын еді. Бірақ, көңілім алып ұшып, қонақүйгежеткен бетте жұртты жинағым келді.
- Болатыңыздыңмерейі үстем болсын! Біз тілекшіміз!
— Рахмет,айналайын. Олар Италияда жаттықты. Хабарласып тұрдық. Бұйырса, ертең жолығамынБолатпен.
Феликсбапкердің бөлмесінен шыққанымызды білеміз. Өз есігімізді ашқанымыз есте…Оянсақ, құр аттай жарап қалыппыз. Қырықсағаттан кейін төсек табылып, тырп етпей ұйықтау да бір бақыт екен. Жұмысқақұлшыныс артты. Енді тіркеуден өтіп, рұқсат қағазын алмаққа бекіндік. Рұқсатдегенде, камера ұстағанға аус-вайс алу қиын. Анығында түсіруге мүмкіндікберетін қатырма қағазды кәдімгідей мол қаражат төлеп, сатып аласың. Бекет ағаМахмұтов АІВА бірінші вице-президенті ғой. Елдегі бокс қауымдастығының басхатшысы Борис Цхвирашвилиге тапсырма берген екен.
Қолға түскен қымбатқұжат. Ермахан кімге кіжінді?
Семеннің ұлы қолымыздан жетектеп, аккредитация өтіпжатқан жерге апарды. Әлем біріншілігіне келген спортшының бәрі осында. Біздіңқұрама сапындағы жігіттер де жүр. Жағалай амандасып, жағдайларын білдік. Бәріде жарау секілді. «Бір жақсысы жарақаттан есенбіз», — дейді Юсуп дәрігер. Басбапкер де көрінді. Тұрсынғали ағамызға сәлем бердік.
— Әлембіріншілігіне қош келдің!, — деді бас бапкер.
- Жолыжеңіл болғай! Нұрғали Сафиуллин ағам арқамнан қағып жатыр.
- Жігіттер,ертерек тіркеліп алайық, — деп гүр ете қалды Ермахан. Анау тұста фотоаппаратынасынған маманды өзіне шақырып. «Номбе уан, Ермахан!», — деді де суретке түсугеыңғайлана берді. Орысы бар, орманы бар, француз, моңғол, қалғаны бар Ермаханғақарап қалыпты. Олимпида чемпиондары да тұрған жерлерінен көз тастады. Біздіңбоксшы оларды елеген де жоқ.
- Дұрысқой, енді. Салмағымда менен өтетін мықты жоқ деп ойлаймын, кез келгенін сабауғадайынбыз!
Ермаханға не айтса да жарасады. Нағыз бабында!Бәріміз ду етіп қолдадық. Тұрсынғали Нұржақыпұлы ғана үндемеді. Онша жақтырмағансыңайлы. Шәкірті негізі қалжыңға бұрып тұр. Әзілді жалғайық дедік пе, әлдеәңгімені қоздату мақсатында, Ермаханға бұрылдық та, «Анау тұста Кубақабыландары тұр. Кімдерді танып тұрсың», - деп сұрадық. Шынында да Алсидес Сагарраның сай тасындай іріктелгенсойқан жігіттері қаз-қатар отырған. Майкро Ромеро көзге оттай басылды. Болаттыңжолын кесіп еді, Атланта олимпиадасында. Әсілі, спортшының салмағы өсуші еді.Майкро жүдеу тартыпты. Жүдеу тартты дейтініміз 48 келіге түсіпті. Әлемнің үшдүркін чемпионы Хуан Эрнандес Сьерра да отыр. Біздің батыр оларға мән бермегенсекілді.
- СорайғаныСавон шығар, Феликске сөз жоқ, қалғанын білмедік. Танымаймыз. Эрнандесің болсын, Дуверхель десеңіз деболады. Қайсысы келсе де қайтайық деп тұрған біз жоқ. Кез келгенімен шайқасуғадайынбыз! Мен ғана емес мына жігіттердің бәрі де дайын!..
Ермахан өзін еркін ұстайды екен. Құмығу жоқ, үні нықшықты. Және ежелгі қарсыласына да, енді жолығуы мүмкін дегеніне де көзіменайбат шеге қарады.
- Жігіттершынында да көп жұмыс істеді. Бұйырса бәрі де бабында, — деп әңгімеге араластыНұрғали аға.
- Сөзбенжұлысудың дұрыс-бұрысын білмеймін. Ертең кезегің келеді, сол кезде қайратшығарыңдар, — деді Тұрсынғали Еділов.
Бас бапкерге ерген топ бізден ұзай берді. Ендікөрдік. Борис ағам да бері беттеп келеді екен. Бізді ертіп, тілшілер топтасқананау бір тұсқа барды да, орталарын тіліп өтіп, құжат рәсімдеп жатқан бөлменіңесігін ашты. «Хэллоу, мистер Аманкелді, «Хабар»!» Борис көкемнің бар айтқанысол. Шамасы елде жүрміз деп ойлайды. Америкаңа Аманкелдің кім, «Хабарың» не?Етжеңділеу меңді қыз, қара өңді қыз күліп келіп, қолымен төр жақты меңзеді.Біздің емес, Бекет ағаның беделі екенін біліп тұрмыз. Екі ауыз сөзге келместен,құжатымызды қатырып, қолға ұстатты. Қуанып қалдық! Қайран ағам-ай, армандасаңала алмайтын мынау аус-вайс кеудемде жарқ-жұрқ етіп тұр, міне!
Кәдімгі КәрімжанӘбдірахманов. Еңсегей бойлы Эвандер.
Кәрімжанмен көше кезген де бірғанибет. Білмейтіні аз. Әсіресе бокс әлемінде. Тыңда да, қаламыңды алып жазабер. Серік Өмірбеков туралы айтты. Кешегі Кеңес құрамасының сапындағы жігіттержайында да сыр шертті. Бәрін кеудеге сыйдырған секілдіміз. Реті келгендеайтылар әлде жазылатын шығар. Америка көшесінде алшаң басып келе жатқанКәрімжан көкем кенет ойға шомды. Шомғанда да тереңіне кетті. Есіне не түстіекен. Сүт пісірім уақытта назарын бізге аударды.
— Қалың ой құшағына құладыңызғой.
— Ия, Шыңғыс қаһанды ойлапкетіппін.
— Шыңғыс ханды?
— Ия, болмай ма? Ойлап келемінде, қайран Шыңғысхан кемесі суға тірелгенде келесі жағасында құрғақ жер бар депойламады-ау. Егер білгенде мынау Американы да жаулап алатын еді.
— Ендеше Лос Анджелес олмипиадасытуралы ойлады ма деп…
— Кеңес Одағы байкот жасапжібермей қойды ғой, әйтпесе қазақ боксының деңгейін танытып қайтатын едік.
Онысы рас, енді. 1984 жылыКәрімжан Әбдірахманов нағыз бабында болды. Демек ешкімге дес бермейтіні анық.Олимпиада емес, «Достық 84» аталған ойынға қатысып, күміс жүлдегер атанды,келесі жылы Сиэтлдегі «Ізгі ниеттер» ойынында екінші орынға табан тіреді. ЮрийЦхайдың қол астында жаттыққан Кәрімжан аса жеңіл салмақта әлемнің мықтыспортшыларының қатарында тұрды. Лос Анджелесте олимпиада чемпионы атанған ПолГонсалесті қарсылас санамайтын.
Кеңес Одағының чемпионымен дүниежүзілік жарысты көруге үнемі бірге келеміз. Әр жекпе-жекті жіті бақылап,спортшылар туралы ойын айтып отырады. Жақын жерден сарапшы тапқан тілшінің ұртымайға толды десеңіз жарасады.
— Жас әріптесіңіз БрайанВилорияның аяқ алысы қандай?, — дейміз бір кезде өзі өнер көрсеткен салмақтажүрген Америка боксшысын нұсқап.
— Көрдің бе, аяқпен қалай жұмысістейді. Кәсіби бокстағы тағдыры қалай боларын кім білсін, әуесқой рингтемынауың ешкімге дес бермейді.
— Майкро Ромеро бар ғой.
— Оған дейін қай заман? Жәнеекеуі финалға дейін бір-бірімен кездеспейді. Байқадың ба, жеребе қалай түскен?
— Алексан Налбандян ше?
— Ол әлі жүр ме? Жасы нешедеекен? Армяндар жеңіл салмақта жақсы болды ғой. Біздің кезімізде Ншан Мунчяндыбілесің…
Түсте үзіліс жариялап, жарысекінтіден кейін қайта жалғасады. Таңертең көп ешкім келе қоймайды. Кең залдаеркін тыныстаймыз. Түстен кейінгі бөлігінде кісі көп жиналады. Шетінен дүрілептұрған жанкүйерлер. Диаспора
өкілдері де келеді. Әркім өзотандасына қолдау көрсетеді. Тағы да Кәрімжанмен қатар отырып, боксқа көзтіккенбіз. Даңқты боксшым бүйірден түртеді. Өзі сол қапталдағы есікке қарапқалыпты. Біз де назар аударған едік. Түйенің жарты етіндей дөңкейген біреукіріп келеді екен. Жүзі таныс.
— Эвандер анау, — дейді Кәрімжанкөкем.
— Кәдімгі Холифилд пе?
— Дәл өзі!
— Сіздің заманыңызда әуесқойбокста жүрді ғой?
— Ия, 1984 жылы Олимпиадаойындарының қола жүлдесін алды.
— 81 келіге дейінгі салмақта.
— Біліп тұрсың. Оның шоқтығыкәсіпқой бокста, онда даТайсонды жеңгеннен кейін биіктеді.
— Темір Тайсонды қалай жеңіп жүр?
— Негізі әуесқой боксты жақсымеңгергендер, меңгерді дегенде нәтиже көрсеткендер кәсіпқой рингте табысқакенеледі. Қалғанын кейін сұрайсың, барып сәлем берсеңші.
Жүгіріп, алдынан шықтым. Сәлемберіп, қолын алдық. Қарапайым екен. Киім үлгісі де. Аяғына сүйреткен шәркейіде. Бос орындықтың біріні отыра салды. Айтпақшы бізден жарыс протоколын сұрады.Бердік. Кімдердің шығып жатқанын білгісі келді ау деймін.
— Рингте қазір кімдер, қай жұп?, — деп сұрады. Айттық. Үнсіз рингке көз тастады. Жан-жағына қарады. Біз деқарадық. Сол кезде Кәрімжанды көрдік. Қолын бұлғайды. Қасына бардық.
— Бекет ағаға барып айтсаңшы.Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы ғой.
— Ыңғайсыз емес пе?
— Несі ыңғайсыз? Қайта келгенінбілсін. Ары қарай өздері біледі ғой.
Құстай ұшып, АІВА басшыларыотырған тұсқа жеттік. Әнуар Чаудридің күйеу баласын айналып өтіп, төрде отырғанБекет ағамызға Эвандердің келгенін айттық. «Шақыр», — деді, — «осында шақырыпкел». Жүгіріп, Холифильдке келдік.
— Бекет ағам шақырып жатыр.
— Не үшін?
Тілі жетпес деп ойлады ма екен,ізімізше тілмаш Мищаны да жүгіртіп жетіпті. Ол келіп, мән-жайды түсіндірді. Тауқозғалса да қозғала қоймайтын Эвандер ептеп орнынан тұрып, ВІР қонақтар отырғанжаққа ілбіп бара жатты. Сол күні жарысты біраз тамашалады. Бекет ағам хабарламаайтатын төрешіге құрметті қонақты таныстыруды да тапсырды. Есім-сойы айтылғансоң жанкүйерлер қол соғып, қошамет көрсетті. Оған Эвандер де риза болды. Елеп,ескергенді кім жек көрсін. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы енді қоршауға тапболды. Қоршауға алған осындағылар. Бапкері бар, төрешесі бар, жанкүйелер делезде жетіп келді.
Кеңес Одағыгың чемпионы кімге өкпеледі?
Бұл бір бақытты күндер еді.Кәрімжан ағам рингке Одли Харрисон шыққанда орындығын түзеп, бізге де көругекеңес беріп, жекпе-жекті бар зейінімен тамашалады. Айтпақшы ағылшын алыбықасымыздан өтіп бара жатқанда, «Міне, нағыз боксшы, анадан осылай да туадыекен-ау», — деп тамсанды. Шынында құрыштан құйылғандай жігіт екен. «Көресің,Одли чемпион атанады», — деді бізге бұрылып. Харрисон екінші раундта сілейіптұрды да қалды. Тіпті төбелестен қашатан секілді ме. Оған біз қуанамыз.Қуанатын себебіміз бар. Одлида шаруамыз қанша, оған ода айтқан Кәрімжанағамызды кешке қажаймыз ғой. Елге естіртіп айтатын сөздерімді де жұптапотырмын. Қасымдағы көкем де соны сезетін секілді. Басын шайқай береді. Бәсекеаяқталды. Харрисонның жеңілгенін көрдік. Ағам байқасын деп ақырын күліп қоямыз.Ағам ақырып қалды:
— Шақыр, ананы!
— Қызықсыз ба, шақырғаны несі?
— Өй, шақырсаңшы, чемпионбасыммен мен алдынан шығам ба? Ертіп кел, осында!
— Көке, ол бізге көне ме,шақырғанға келе ме?
— Айт, оған чемпион күтіп отырде. Енді айтсаңшы, менің кім екенімді.
Өмірге ме, өзіне ме, әйтеуірөкпелеп келе жатқан Харрисонның алдынан щықтық. «Осылай да осылай», — деймізғой. «Қысқасы, Кәрімжан көкең күтіп отыр». Түсінді, түсінбеді. Түсіндіре алдық,алмадық. Көке отырған тұсты нұсқап ертіп алдық. Тері сорғалап Одли тұр.Терісіне симай Кәрімжан Әбдірахманов отыр. Сол жерден Украина құрамасына тілмашболып қызмет етіп жүрген қыз өтіп бара жатыр екен. Тоқтатып алып, «Екеуінсөйлестірші», — деп өтініш жасадық. Ол да бір мың болғыр екен. ОдлигеКәрімжанның кім екенін айтып беріп, әдейі шақырғанын жеткізді. Харрисон дабасын изеп, құрмет көрсетіп жатыр.
— Әй, жігітім,- деп бастадыәңгімесін Кәрімжан ағам, — сен мені бүгін қатты ренжіттің. Режітетінің мынадайденемен, мынадай қолмен сен жеңіліп қалдың. Маған қарашы! Қырық сегіз келітартсам да қарсы келгендерді қырып салдым. Неге екенін білесің бе?
— Жоқ, — Одли басын щайқады.
— Өйткені намысқа тырыстым.Жеңілуге болмайды екеумізге. Түсінесің бе? Себебі сен де талантсың! Нағызталантсың! Ал, талантты адам ісіне немқұрайлы қарамайды. Сенің жұмысың – бокс!Мынау жұдырық саған не үшін берілді? Ұру үшін! Сен мықты жігітсің! Тек өзіңдібағламай жүрсің. Мынау журналист, саған күліп отыр. Мен ұялдым сен үшін! Сенімақтап едім ғой. Чемпион болады деп. Ал, сен не істедің? Енді маған күледі.Боксқа бөтен адам емеспін. Боксшы болған соң саған да бөтен адам емеспін.Түсіндің бе?
Одли бізге одырая бір қарағаныболмаса, Кәрімжанның сөзін бөлген жоқ. Бойы ұзын ғой. Басын салбыратып тұрыптыңдады. Намысына тиген секілді. Терең күрсінді де, «Енді мен үшін ұялмайтынболасың», — деп қолын беріп, киім ауыстыратын бөлмеге қарай беттеді.
Куба бүлік шығарған күн. Ермахан күйіп кетті.
Біз жатқанқонақүйде түнде тіршілік қайнайды. Бүкіл әлемнің бапкерлері өзара әңгімелесіп,анау бір бұрышта төрешілер сөйлесіп отырады. Серік аға Әбденалиевті білесіздерғой. Шоқыр атаның төл шәкірті. Кезінде Қазақстан құрамасының бас бапкері деболды. Қазір мемлекеттік жаттықтырушы әрі әлемдік деңгейдегі рефери. Серікағаны жақын тартып, төрешілер сөзіне құлақ түремін. Бапкерлердің бергі жағындаүстел маңын мекен етіп, оларды тыңдаймын. Бокс қазаны мұнда да бұрқ-бұрқ қайнапжатады. Қазақ елінің былғары қолғап шеберлері де тілдеріне тиек. ӘсіресеЕрмахан мен Болаттың есім-сойлары көп айтылады. Әттең, құқың жоқ. Жақын отырып,сұхбат құра алмайсың. Бір қызығы Алсидес Сагарра мұнда жоламайды. Өзге мықтыныңбәрі жүреді. Біздің Тұрсынғали Еділов те. Тұрсын бұл топта беделді. Бәрімен доспа, қай елдің бапкері де қасына келіп, әңгімеге тартып, сөздері жарасып отырады. Сәл қолы қалт етсе біз десөйлесе қаламыз.
- Италияғаәдейі бардық. Патрицио Оливо досым ғой. Танитын шығарсың. Баяғда СерікҚонақбаевпен Мәскеу олимпиадасының алтын медалін сарапқа салған боксшы ше.Италияның бүгінгі құрамы мықты. Патрицио қасына білікті мамандарды топтастырабілді. Паоло Видозға қарашы. Чемпионға қажет қасиеттің бәрі бойынан табылады.Мұқтархан екеуі бірге жаттықты. Ділдәбеков қалай өсті! Қазір мүлде басқадеңгейге көтерілді. Көресің, осы біріншілікте өзін дәлелдейді. Жүлдеге ілінедідеп ойлаймын. Рас, ең ауыр салмақта жақсы боксшылар жетерлік. Біздің Мұқтарханда солардан кем емес.
- Ермаханше?
— Аккредитацияданөткен күні көрдің ғой. «Әлем чемпионымын», — деп айқайлап отыр. Өзіне сенгенненкейін айтады да. Шынында оған тең келетін боксшы жоқ сол салмақта. Хорхеболсын, Мариан Симион болсын қазір Ермаханға төтеп бере алмайды. Боксты білесіңғой әбден жеңіске жеткенше босаңсуға болмайды. Шәкіртімді тәртіпке шақырдым.Ақылы бар жігіт қой. Түсінді. Өзің де білесің, Ермахан бұрын мықты бастады.Содан кейін боксты тастап кете жаздады. Іздеп тауып, қайта қатарға қостық. Ашқасқыр дерген ұғым бар ма, міне осы бокстағы аш қасқыр Ермахан. Жүлде жинайбергісі келеді, жеңіске жете бергісі келеді. Өйткені табысқа аш. Қолынатүскенін түтіп жейді.
- Осындағыбапкерлер Болат туралы көп айтады.
- Дұрыс қой.Болат та өз салмағының серкесі. Майкро Ромеро қазір 48 келіде. Жұмаділовтітоқтатын спортшы табу қиын. Болат өте дарынды спортшы. Ақылы бір басына жетеді.Бапкері де жақсы. Осы біріншілікке әдейі алдырдым. Жеке жаттықтырушыны ешкім деалмастыра алмайды. Екеуінің ой өрісі ұқсас. Түсініктері бірдей десем де болады.Бірінің сырын бірі біледі. Феликс келгелі Болат та өзін еркін сезініп жүр.Еркін дегенде ол қобалжитын боксшы емес. Бірақ сырын немесе қандай да бірқалауын Цойға еркін жеткізеді. Керек десеңіз еркелеп алуы да мүмкін. Жауаптыжарыстарда ол да қажет. Томаға тұйық жүріп алатындар рингте жанып кетеді. Жекебапкері көсіліп әңгіме айту үшін де керек.
— Кубабірнеше салмақ дәрежесінде алтын медаль аламыз дейді.
— Алса,алатын шығар. Менде бір күмән бар.
- Қандай?
- Кубабоксы сыр бере бастаған секілді. Ромероның салмақтан салмаққа секіруі тегінемес. Бұрын мұндай өзгерісті байқамаушы едік. Гутберрес те керемет емес. ФеликсСавон демесең, өзгелерінен ерекше қабілетті немесе жалынды байқамадым. Куба бапкерлерініңкөбі дос. Олардың ішінде де «бір-бір ит өліп жатқандай».
— Кубаүстемдігі енді жүрмеуі мүмкін бе?
— Әлемдікбокс дамып кетті. Қазір Кубаға қарсылас көп. Біздің жігіттер де өсті. Сондықтанбостандық аралының өкілдері енді әр салмақта топ жарады деген аксиома ескіребастады.
Тұрсынғалиағам айтып үлгерген екен. Үш күннен кейін Куба қабыландары айды аспанғашығарды. Әлем біріншілігінің жартылай финалында. Бұл жолы жұдырықпен емес.Бірнеше олимпиада, әлем чемпиондары бапкерлерінің тілін алып, тура ринг маңындашу шығарды. Шеттерінен даукес екен. Төреші үстеліне дейін жетіп,арыз-армандарын жеткізді. Шыны керек, оларды көпе көрнеу аяқтан шалған ешкімжоқ. Сылбыр тартқанына ұпай бермеді. Күші асып тұрғандарының қолын көтерді.Бірақ Куба делегациясы қазыларға күмәнмен қарай берді. Оларға салсаңыз, жарысқакелгендердің бәрі де финалға шығуы тиіс секілді. «Құланның қасуына мылтықтыңбасуы», — деуші ма еді. Дәл дау ұлғайып тұрған сәтте рингке Ермахан мен ХорхеГутьеррес шақырылды. 71 келілік салмақ дәрежесіндегі жартылай финал. Ибырайымовбабында. Кімді де болсын түтіп жеуге дайын. Хорхе де соны түсінді ау деймін,көбіне ринг ортасына жоламай, бұрышқа қарай қашып жүрді. Ермаханның соққыларыдіттеген жерге тиіп жатқанын жақын жерден көріп тұрдық. Таспаға тарттық та.АІВА ашуға булыққан Куба делегациясының көңілінен шыққысы келді ме, бәсекеаяқталғанда ерекше шешім қабылдады. Үш раунд бойы таяқ жеген Гутьеррестің қолынкөтерді. Ермахан түтігіп тұр. Тұрсынғалида үн жоқ. Куба өкпелемесін деп қазақбоксшысын «құрбандыққа» шалды. Реті солай келген болар.
Болат мықты! Болат – чемпион!
Жартылай финалда жабырқап қалған көңілдіМұқтарханның Паоло Видозды сабағаны сәл көтерді. Паоло мықты боксшы. ЕкеуіИталияда бірге жаттықты дедік қой. Соның жемісі көрінді. Джордж Р. БраунConvention Centerде өтетін финалға екі бірдей боксшымыз жолдама алды. Шынынайтайық, алтын медальға Мұқтархан Ділдәбеков жақын тұрған секілді. Себебі түрікСинан Самил Сам. 1992 жылы Эдинбургте өткен жастар арасындағы Еуропа біріншілігіндебіздің Василий Жировтан жеңіліп қалған. Рас, 1985 жылы Берлиндегі әлемчемпионатында Луан Красничиден ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Хьюстонда аса бірқайрат көрсеткен жоқ. Жартылай финалдан да өте алмайтын еді, егер ресейлікФеликс Дьячук мінез танытса. Екеуі қоян қолтыққа да барған жоқ, алыстан жұдырықсілтемеді де, кімнің сілесі қатады немесе кім бірінші титықтап қалады дегенойға оранып жүрді. Бокстарын көруден жалыққан төрешілер Синанның қолын көтересалды.
Финал өтетін күніаренаға ертерек келдік. Біздің боксшылар қонақүйден әлі шықпаған еді. Сәлденкейін Тұрсынғали Еділов кіріп келе жатты.
- Бәріңжеңіс күтіп отырсың, оны түсінемін. Сол жеңіс өзіме де аса қажет. Екі бірдейқазақтың жігіті финалда. Бір қарағанда екеуінің де топ жару мүмкіндігі молсекілді. Алайда жағдай біз ойлағандай жеңіл емес. Әсіресе, Аргентина боксшысыаса қауіпті қарсылас. Түн баласы көз ілгеміз жоқ. Омардың жекпе-жектерін қайтақарадық. Тынысы кең, шаршамайды екен. Кәсіпқой боксқа дайындалып жүр. Демек,қара күші көп. Болат жеті жыл бойы бабын ұстап келеді. Салмақ мәселесі тағыбар. Бұл қаншалықты бейнет екенін сезіне аласың ба?
- Ия, олжағы түсінікті. Енді үміттенуге қақымыз бар шығар?
— Үмітбар. Үміт бүгін рингке шығатын боксшының бәрінде бар. Болат бәрін түсінеді.Қалай қимылдау керек екенін құлағына құйып жатырмыз. Феликс Цоймен де бірнешерет сөйлестік. Оның да рөлі ерекше болмақ. Мен біреудің табысын үстіне жапсыраберетін ашқарақтықты жек көремін. Тихоновичті әдейі алдырдық дедім ғой. Шешушісәтте шәкіртінің жанында болсын. Он екі жасынан баулып келеді. Бауырына салыпалған баласы десек те жарасады ғой. Болат та рингке өз бапкерінің алып шыққанынқалайды. Орамалын желпісе де, суын берсе де көңіліне жағады.
- Біріншікездесуде түрік Сүлеймен Бекдоғанды ойнап жүріп ұтты. Армян Вахтанг Дарчинянныңда соққысын дарытқан жоқ. Ширек финалда Америка сенім артқан Джон Мединдітас-талқан жеңді…
- АнығындаДарчинян да, Джон Медин де өте жақсы боксшылар. Егер Болатпен жолықпаса жарыстаәлі де жүрер еді. Көрдің ғой, сол екеуіне дұрыс тактика таңдалды. Болаттыңталантымен, жанкештілігімен Дарчинянан жеңілу әбестік болар еді. БірақВахтангта да талант жеткілікті. Мединмен кездесуді тағы бір есіңе түсірші. Үшіншіраунд оңайға соққан жоқ. Рас, жартылай финалда поляк Андрей Ржанымен әдеміойнады. Омар Нарваездің жөні бөлек. Жарайды, бір Алла жар болсын, рингтекездескенше!
Негізі Болатрингке шыққанша Тұрсынғалиды тағы көрдік. Дәлірек айтсақ, үшеуін бірге көрдік.Пысықпыз ба, Бекет ағаға арқа сүйегендіктен де шығар, боксшылардың киімауыстыратын бөлмесіне қарай өте шықтық. Еділов сөйлеп жатыр. Бапкері меншәкірті мұқият тыңдап тұр. Болат басын изеді. Демек, келіскені. Тұрсынғали ендібері беттеді. Тоқтатуға батпадық. Өзі де толқып жүрген шығар деп. Өзі бізгебұрылды.
- Үрейгенегіз жоқ. Болат бұйырса барын салады. Жуасың ғой, жеңіске жетсек?
- Оғансөз бар ма!
— Сен деойлан! «Қойшының таяғынан»,- дейтін қазақпыз. Тілшінің аяғы жеңіл ме, сапарықалай болады, сол жағын ойла!
Бізде не жазық бар? Кел деді, келдік. Түсір деді.Тартпаға жазып жатырмыз. Әне, көрінді. Болат. Қолғабын байлап алыпты. Шапанынжабылып, тақия киді. Қазақтың тақиясы. Өзіне жарасып тұр. Сәлден кейін рингкешақырылады.
Шақырылды.Шынын айтайық. Тұманның ішінде жүрдік. Түс көрген адам кейпіндеміз. Қол созымжерден бейнетаспаға тартып тұрдық қой. Көзіміз бен қолымыз камерада. Назарымызрингте! Сыбырлап болсын бірдеңе айтқан секілдіміз. Дауысың естілсе қуыпжібереді. Үш ғасырға созылған үш раунд та аяқталды ау. Енді Болат пен Омартөрешіге таяу келді. Қазылар қос боксшының ұпайын есептеп жатыр. Тұрсынғаликөңілді. Демек…
Болат –чемпион! Қазақ спортшысы Болат Жұмәділов 1999 жылғы дүние жүзілік чемпионаттың51 келілік салмақ дәрежесінде топ жарды! Тамыз айының тамаша табысы енді тарихбетіне жазылады. Біз сол оқиғаның куәсі едік!
Амангелді СЕЙІТХАН