Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:02, 08 Қазан 2019

Жиырма жылдан кейінгі жеңіс

Қазақстанкубогы. Финал

«Қайсар» – «Атырау» – 2:1 (Зенькович, 88, Нәрзілдаев, 120+3 – Гжельчак, 67)

Ескерту: Джошуа, 4, Барсегян, 70,  Марочкин, 80 – Абдрахманов, 53, Нгвем, 68, Қалменов,70, Шабаев, 105+1, Жұматов, 105+2, Антипов, 116, Қалмұратов, 120+5)

Тағыберген, 70,Нгвем, 93-минутта алаңнан қуылды.

«Қайсар»: Григоренко,Әмірсейітов(Садовничий, 86),Барсегян (Гурман, 120+4), Битанг (Зенькович, 84), Граф, Джошуа (Букия, 72),Ламанж, Марочкин, Мбомбо, Нәрзілдаев,Тағыберген(к)

«Атырау»: Маркович,Абдрахманов (Мәкуов,90+3), Абдулавов (Жұматов, 51),Аблитаров (к), Бруно, Габышев (Бубакар, 74, Антипов,113), Гжельчак, Қалмұратов, Нгвем, Оспанов, Шабаев

Төреші– ТимурҚұмашев(Бас қала). 

6 қазан.Бас қала, «Астана Арена». 4500 көрермен

«Қайсар» соңғырет 1999 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алған еді. Сол жылы қызылордалықтар Өскеменнің«Востогын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

«Атырау» соңғы үш жылда кубок финалына шыққанмен, үшеуіндеде табысқа жете алмады. 2017 және 2018 жылдары Алматының «Қайратына» екі рет0:1 есебімен жол берсе, бұл жолы қосымша уақыттың соңғы секундтарында жеңісголын жіберіп алды.

Қызылордалықкоманда финалға дейін «Оңтүстік академиясы» (2:1), «Ертіс» (2:1), «Тобыл» (0:1және 3:1) командаларын жолда қалдырды.

Бір қызығы, осы кездесуде мергендік танытқан И.Зеньковичте, Д.Нәрзілдаев та биыл Қазақстан премьер-лигасында доп соқпаған еді.

Марк Гурман төртіншірет кубок жеңімпазы атанды. Ол 2010 жылы «Локомотив» (қазіргі «Астана»)сапында, 2014 және 2015 жылдары «Қайрат» сапында финалда ойнап, жеңімпаздар тұғырынакөтерілді. Ал қақпашы Александр Григоренко 2009 жылғы кубок финалында «Шахтер» қақпасынқорғап, «Атыраудан» жеңілген еді (0:1). Он жылдан кейін ол енді жеңімпазкоманданың қақпашысы болды.

«Қайсар» өзтарихында тұңғыш рет еурокубокқа қатысады.

Тегтер: