Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:53, 19 Қараша 2020

Жолайырық құрылысы 20 пайызға аяқталды

None
None

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылыс жұмыстары 15 қазаннан басталған болатын.

Жоба 3 кезеңнен тұрады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда 1 кезең бойынша жоспарланған жұмыстың 20 пайызы (550 млн. теңге) орындалды. 500 метр (барлығы 2200 м) су және газ құбырларының орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған 105 темірбетонды қадалардың 39-ы бетоннан құйылды. Сондай-ақ, 4200 м 3 тоннель қазу жұмыстары орындалды.

Сонымен қатар уақытша жоғары вольтты электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы биыл үшінші мегаполисте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мыңға жуық шақырымды құрайды. Оның ішінде: 1,8 мың шақырым. – асфальтталған, қалған 1,2 мың шақырым. – шағал тас пен топырақ. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 3,5  пайызға ұлғайып, жалпы 60 пайызға жеткізу жоспарланған.

Тегтер: