Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:57, 07 Мамыр 2020

Жоңғар империясының күйреуі

  Өз уақытында ұлы Қытай мен Қазақ хандығыныңаралығын алып жатқан Жоңғар хандығы ат үстіндегі жауынгер ел болғаны тарихишындық.

Қытайлар «жуун-гар» деп атаған (қарақшы адамдар) қалмақтардың толассызжорығы тек қазақ үшін ғана емес, Қытай мемлекетіне де ауыр тиді. Олардыңқалалары мен елді мекендерін үнемі тонап кетіп отырды.

    Үш ғасырдайарғы жағындағы қытай мен бергі жағындағы қазақтардың әлсіз жақтарын бессаусағындай біліп алған қалмақ қонтайшылары қайта-қайта шүршітті тонап, жуынудегенді білмейтін, қолаңса сасыған жұртына молынан азық-түлік әкеліп, сондай-ақәлсін-әлсін момын қазаққа шабуылдап, шұрайлы жайлауы мен қыс қыстауын тартыпалып, жерін үнемі кеңейтіп отырған.

  Кезінде экспедициямен жүріп, ойда-жоқта қолғатүсіп, соларға қызмет еткен швед офицері Юхан Густав Ренаттың жазуынша,оңтүстікте Хорезмге дейінгі және солтүстікте Тобыл суына дейінгі аралықты жаулапалып, ұлан-байтақ Жоңғар қағанатын құруды межеге алған көрінеді. Қалай десекте, Қазақ және Орталық Азия елдерімен соғыс барысында аз уақытқа болса да, оларимперия құра алды. Ренат  өзі жазған «Джунгарскаястепь» кітабында, шын ба, әлде өсіріп жазған ба, сол мезгілдегі қалмақтардыңсанын 4 миллионға жуық деп көрсеткен. Құба қалмақтар қатаң тәртіпке бағынған,қонтайшыларының бұйрығын қалайда орындауға күш салатын әскери ел деп жазыпты.Сол жоңғар қонтайшылары мен батырларының талай кеңесіне қатысқан швед офицері«Олардың түпкі ойы – Қазақ және Орталық Азия елдерін өздеріне бағындырып, санжағынан молайып, күшейіп алған соң, қалын қытайға тарпа бас салу. Бағындырғанқол астындағы ел-жұрттан қосымша әскер жасақтап әрі өздерін үнемі азықпенқамтамасыз етуді ойластырады» дейді кітапта. «Олар Шыңғыс хан империясыныңқалай және қандай жолмен орасан күш-қуатқа ие болғанын жатқа білетін еді».Ренат осылай жазыпты.

     Жоңғарларқазаққа соғыс ашпай тұрып, алдымен қасындағы донған мен солар мекендегенөлкелерді, сонан соң бүкіл Қашқарияны азғана күшпен жаулап алады. Осы елдердіңұсталарын жинап, қылыш пен найза, басқа да қару-жарақ соқтыртады. Кейіннен шведофицері қалмақтарға зеңбірек құюдың жолын көрсетіп, осы қарудың біразындайындап береді. Тағы бір айта кетеріміз, жоңғар билігі қазаққа соғыс ашаралдында қытай билеушілерінің алдынан өтіп, өзара ынтымаққа келіп, арт жағыныңқауіпсіздігін (тыл) қамтамасыз еткен.

    Дегенменимперия құруға талпынған елдің қателігі қайдан кетті? Жаужүрек елдің өзгеніңқанын төге жүріп құрған қағанаты қалай құлады, неден құлады? Зерделей келетүсінгеніміз, өз ішінде ауызбірліктің жоқтығынан, таққа таластан, жақ-жақ болыпәркім өз жақтастарын, ру-тайпаларын қолдаған тайталастан ойсырай ұтылған.

    Шыңғыс ханныңбұлардан артықшылығы – қағанат ішіндегі алауыздықты еш уақытта өзіналаңдатпайтындай етіп тыйған. Айналасындағы билікке (әскер қолбасшыларын) ру,тайпа көсемдерінен емес, империя құруға қызметі сіңген әрі өзіне қиын жағдайдаадалдық танытқан үзеңгілес азаматтардан тағайындаған. Сатқындықты аямайжазалаған. Осы орайда, Сталиннің «Ұлы мақсатқа жету үрейден басталады» деген атақтысөзін келтіре кетейік. Егер бұл сөзді таратып айтсақ, тарихта дара тұлғаболуды, әлемдік билікке жетуді мақсат еткен адам алдымен өзі үреймен ауырадыдеген сөз ғой. Кейін қорқынышын жеңіп, аман-есен  билікке жеткенде басқаларды солай ұстайды.Сондықтан Шыңғыс ханның тұсында төмендегілер жалтақтамай, жауына қасқырдайшапқанымен, өз билігінен қоғадай жапырылып үрейленіп және әр қадамын санапбасып, қарсы келіп қалмаудың жолын іздеп, қорқынышпен күн кешкен. Сонымен қатаркөреген Шыңғыс  хан  ел тұтастығына, ынтымағына аса үлкен мән берген.Мұнсыз құрған империяны ұстап тұру мүмкін емес еді. Жоңғарлардың қателігі –ішкі бірлігіне ден қоймағаны және алауыздықты болдырмайтын құрылымды ойлаптаппағаны.     1723жылы оң мен солын барлап, зерделеп алған олар тас-түйін дайындықпен Қазақхандығына тап береді. Артындағы Қытайдың тілін тауып, алдаусыратқан жоңғарларқыстан жақсы дайындықпен шығып, таудан құлаған долы өзендей көктемгіаласапыранда Қазақ еліне оңдырмай соққы берді. Алғашында жаңғақтай шашылып,абдырап қалған қазақтар есін жиып, күш біріктіріп, жинақталып, бұларға тойтарысжасағанша, біраз уақыт керек болды. Қазекең осы бір қиын-қыстау заманды «ақтабаншұбырынды, алқакөл сұлама» деп атаған. Қытай билігі жоңғардың Қазақ пен ОрталықАзия елдеріне шабатын агрессиялық жоспарын білгенде қуанған. Қарақшылығы басымтынымсыз жоңғарды тұншықтыру үшін олардың әлсірегені керек еді. Дегенмен осықұба қалмақтың қолымен арғы жағындағы Қазақ хандығы мен Қырғыз, Өзбек, Түрікменелдеріне соққы беріп, аямай тулақтай сілкіп алу керек болды. Жаңғақтыбір-біріне соғып жару деген осы болатын. Сол кездегі Цин династиясы алдағыуақытта бір жорығымен бұларды ұрып жығып, өз құрамына ұлан-ғайыр аумақты қосыпалуды ойлады. Ежелден аспанасты империясына айналуды ойлайтын олар бұлардыңқала соғып, бала оқытып, егін салып, өркениеттілікке ұмтылудың орнынаұшып-қонған тірлігіне қарап, «даланың қаңбақ қуған ақымақтары» деп ойлайтын.Қан-жоса қылып, таптап өтетін сәтті күтті.

   Қан-қасап соғысбасталып, қырғызды Алатаудың түкпір-түкпіріне қуып тыққан жоңғарлар өзбек пентүрікменді тез арада жаулап алды. Қазақ елін алғашында ығыстырып жібергенімен,есін жиған қазақ батырлары мен билері Абылай ханның айналасына топтаса білдіәрі тойтарыс жасай алды. Дегенмен қазақты сақтап қалған – даласының кеңдігі,уақыт созбай ру-тайпалардың ауызбірлікке келуі және ат үстіндегі жауынгерлігі.

    Швед офицерікітабында Жоңғар елінің картасын жасаған екен. «Жетісу Алатауы, Балқашқа құятынІле өзенінің екі қапталы, Алтынемел мен Қойлық аралығы, Сарқан өңірі (қалмақбатырының аты), Кегеннің (қалмақ биінің аты) солтүстік жағалауы мен Шоңжыдаласы, Шарынның шығысына қарай Кетпен тауларының солтүстік беткейлері, қазіргіқырғыз жеріндегі Үлкен Кемік алқабы, Түп жағалаулары, Ыстықкөлдің оңтүстікжағалауы, сондай-ақ біздегі Тарбағатай алқабы, Еміл өзенінің атырабы, Зайсанкөлінің маңайы, Шәуешек (қалмақтың «тостаған» деген сөзі), Құлжа  және Үрімші өлкесі – жоңғарлардың көнеденмекен еткен атамекені» деп жазыпты.

    Жоңғарқағанатының іргесін қалаған атақты қонтайшылар Қалден Церен мен Цеван Рабдандүниеден өткен соң, таққа таласқан ұрпақтарының арасында қанды жанжал туды.Цеван Рабданның ұлы Дабаци мен Қалдан Цереннің інісі Әмірсана екеуі таққаұмтылып, бір-біріне жол бергісі келмеді. Ақыры Цеван Рабданның билігі жүріптұрған кезінде тағайындаған әскер басшыларының көмегімен Дабаци таққа отырды.Биліктен мүлде ысырылып қалған Әмірсана кектеніп, тығырықтан жол табудыңәрекетіне көшті. Ата жауы қазақтардан көмек сұрауға намыс жібермеді. Есінекелгені кезінде ымыраласуға жоңғар қонтайшысымен ілесіп барған Қытай билігіеді. Солар ғана көмектесер деп ойлады. Дегенмен бұл қадамды жасарда қалмақ нояныбүкіл жоңғар жұртының ыстық шамға соғылған көбелектей боларын түсінбеді.

   Сұмдықты алыстан ойлайтын кәрі Қытай жымиыпкүлді. Өз мезгілінде саны көп манжұрды, таңғұтты, басқа да көптеген елді жұтыпқойған және хансуға айналдырған қытай билігі мыналарға «ақыры өздерің келдіңдерғой» деді іштерінен. Қаншама ғасырда бір келетін мүмкіндікті өткізіп алмаудыойлады. Бірақ мына көшпелі жабайыларды қырып тастамасаң, қытайға айналдыраалмассың деп ойлады тағы да. Хат танымайтын, көшіп-қонған ел болғандықтан, бұларғатілін, дәстүрін, танымын, тамағын өткізе алмайтыны анық еді. Тек күшейіп кетпейтұрғанда қырып тастау керек болды. Көмек сұрап келген Әмірсанадан қарсыласыныңкүшін, санын, тұрған орнын анықтап алған соң, қытай жағы қалың әскер бөлді.Әмірсана бұларға жоңғар билігін ойда-жоқта соғуды, қалмақ күшінің қай елдімекендерде қанша екенін анықтап берді. Сондай-ақ қытай әскерінің қалай орналасукерегін көрсетті.

     Дабацименарадағы қанды өшпенділік арыстандай ақырған жауынгер елді оңдырмай орға жықты.Ренаттың жазуынша, бұл қытай жорығынан Жоңғар хандығы ғана емес, тұтас жоңғаржұрты қырғын тапты. «Кезіндегі байтақ далада ұйысқан қалың елден түк қалмады» дейдіөкінішпен.

    Әмірсанағақосып, қытай жағы алғашында шағын әскер жібергенімен, іле-шала генерал Пу Дебасқарған саны көп тұтас армияны аттандырған көрінеді. Тегі, Әмірсанаға артынанқалың әскер баратынын айтпағаны оның шошынып, сөзінен танып, қашып кетпесіндегені болар. Қалмақ жігітінің бар мақсаты Дабациді тақтан алып, орнына отыруеді. Шүршіттің көмектесем деген сөзінің артында геноцидтік пиғылдың жатқанынқайдан білсін?! Екі қалмақ ноянының қан жұтқан тартысынан ормандай шулағанбүкіл ел-жұрты қырғын тапты.

     Қытайлардыңқолына өтіп, генерал Пу Денің қарамағында біраз уақыт бірге жүрген швед офицері«Шүршіттер қалмақ сарбаздарын ғана емес, олардың кемпір-шалын да, әйелдері менбалаларын да аямады. Еңбектеген балаларына дейін найзаға шаншып, жоғары көтеріп,қарқылдап күлгендерін  көрдім» дейді жазбасында.

    Қаншама ғасыр Қытай қалалары мен елдімекендерін қорқынышта ұстап, тонап кетіп отырған және солардың тілімен«жуун-гар» (қарақшылар деген мағынада) деп аталатын қалмақ елі түгеліменқырылып кетті. Олар құрған ұлан-ғайыр империя да ойда-жоқта құлап тынды. Жоңғархандығын және Қытай мен Орталық Азия елдерін зерттеуші еуропалық ғалымдаржазатын Жоңғария империясы осылай құрдымға кетті.

    Таққа талас өззаманында қаншама хандықтар мен империялардың және дәстүрі мен мәдениетікөнеден қалыптасқан мемлекеттердің тоз-тозы шығып, құрдымға кетуіне не болмаса құрамындағыелдердің жікке бөлініп, жан-жаққа тарап жоғалуына  әкеліп соққанын қаншама ел-жұрттың  өткен тарихтарынан білеміз. Сондықтан кезінде таққажеткен түсінігі мол  ұлы хандар менимператорлар өз руы мен тайпаларынан мүмкіндігінше аулақ кетіп, ат құйрығынкесіскен. Өзіне сенімді жақтастары мен адал қызметшілерді өзге  ел-жұрттың (ру-тайпалардың) ішінен іздегенәрі тапқан.

     Тарихтасолтүстіктегі орыс империясы Қазақ елін қаншама  ығыстырып, қоныстарынанайырып, өз мезгілінде соншалықты зобалаң тудырғанымен, қазақтар аман қалды.Бұған шүкіршілік дейік. Ал енді Ұлы қорған иесі сәті келген мүмкіндіктіжібермей, талай заманғы өшпенділігін ұмытпай, іргесіндегі ормандай қалыңқалмақты баудай түсіріп, хандығынан да, елдігінен де айырып, құртып жіберді.Осы орайда, ата-бабаларымыз қалдырған «Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдейкөрінер» деген мәтелді ұмытпаған жөн. Бұл – осы қиын-қыстау жылдарда туған,өмірден алынған шынайы сөз. Орыс патшасы І Петр: «Еліңнің ұлылығын түсінгіңкелсе, оның тарих қатпарындағы жауларының да осал емес екенін білгенің жөн», –деген-ді.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,

 Журналистер одағының мүшесі

Тегтер: