Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:41

ЖСДП төрағасы: Конституциялық реформа – бұл қоғамның нақты сұранысына берілген жауап

Асхат Рахимжанов
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы Конституциялық реформа мемлекет пен халық арасын жақындатып, институттардың тиімділігін арттыруы тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы Асхат Рахымжанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында айтты.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер абстрактілі жаңғыртумен шектелмейді. Бұл — билік ашық, қоғамға есеп беретін, ал мемлекеттік институттар жедел әрі әділ жұмыс істейтін жаңа мемлекеттік құрылымның қалыптасуы. Ерекше көңіл жаңа парламенттік модельге көшуге, бір палаталы өкілдік орган құруға, сондай-ақ тұрақты кері байланыс механизмдерін орнатуға бөлініп отыр.

«Ұсынылған өзгерістер – бұл жай ғана абстрактілі жаңғырту емес, қоғамның нақты сұранысына берілген жауап», - деп атап өтті Рахымжанов.

Оның айтуынша, қазіргі өзгерістер әлемдік демократиялық үрдістерге сай келеді және халықаралық социал-демократиялық қауымдастық тарапынан қолдау табуда. Бұл Қазақстандағы реформалардың жаһандық демократиялық трансформацияның бір бөлігі ретінде қабылданып жатқанын білдіреді.

Сөз соңында Рахымжанов Қазақстан Республикасындағы Конституциялық реформаны қолдауға бағытталған Социалистік интернационалдың қарарының негізгі ережелерін оқып берді.

Тегтер: