Жұмысқа кешігу: жұмыс берушінің айыппұл салуға құқы бар ма?

Компанияның қызметкеріне айыппұл салуға құқы бар ма?
Кейбір компания қызметкер жұмысқа кешіксе, не жұмысында қате жіберсе, оның жалақысынан белгілі бір соманы ұстап қалады. Мұндай жағдайда жұмыс берушінің құқығы бар ма, заңгер Эльнура Кішкенбаева жауап берді.
Еңбек кодексінің 64-бабында жұмыс берушілер қолданыла алатын тәртіптік жазалар көрсетілген. Оның ішіне ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс кіреді. Оған қоса жұмыс беруші қызметкері теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдануға құқылы. Бірақ ол Қазақстан заңдарында көрсетілмеген тәртіптік жаза болмауға тиіс.
Кейбір негіздер бойынша еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түрінде жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдануға құқылы, және бұл заңда немесе ҚР басқа заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
Жұмыс берушінің заңда жоқ тәртіптік жазаларды қолдануға еш қақы жоқ. Мұның ішіне ақшалай айыппұл салу да жатады.
Демек, ондай тәртіптік жаза заңды емес. Мұндай жағдайда қызметкер еңбек инспекциясына барып, шағымдануға құқылы.