Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:50, 21 Маусым 2019

Жүніс әулие һақында

Абай айтады, «Есіңде бар ма жас күнің, Кімді көрсең  бәрі дос» деп. Жоқ енді ол күндер.

Кетті қайырылмай.Оның осыншалықты алдамшы екенін, осыншалықты баянсыз, осыншалықты жылдам өтіпкетерін білгенде баяғы қайым айтыстың қара маңдай ақыны айтпақшы, «бұл тойға келерме едім, келмес пе едім?!» Расында да, жас ұлғайған сайын  адамдардың «бәрі дос» (не «бәрі қас») емесекені ерекше біліне бастай ма, қалай, өзі? Шығыста «Базарда мың кісі бар, әркімықыластысына сәлем береді» дейді. «Ықыластысы» дегені – ықыласы ауғаны, көңіліқалағаны, бүйрегі бұрғаны, жақын тартқаны, назары түскені, сөзі жарасқаны т.бдегені шығар. Алматыда 2 миллионға жуық адам өмір сүреді екен. Соның қаншасысізге ықыласты? Қаншасына біздің бүйрегіміз бұрып тұрады?  Ақындардан Жәркен Бөдешев пен Ертай Ашықбаев,суретшілерден Табылды Мұқатов, жазушылардан Жүніс Сахи дейтұғын азаматтарды менәрқашан іздеп жүремін. Бұлардың сырт қарағанда маған қатысы да жоқ. Алыс-беріс,барыс-келісіміз де шамалы. Қазақ айтатын туыс-туған, құда-жекжат, жақын-жұрағат,ілік-шатысымыз тағы жоқ. Бұлар  бір-бірінеұқсамайтын адамдар. Тіпті, көріп отырғаныңыздай, кәсіптері де басқа,мекен-тұрақтары, жас шамалары да әртүрлі. Жазу стильдері  де бөлек. 

Тұмағаңды сәл өзгертіп айтсақ, бүгінде  «Шыр ете қалар телефоннан қорқам, Мазамдытағы аласың-ау деп».  Иә, телефон қуып,біз қашып өтіп жатқан өмір ғой бұл. Ал енді бар ғой, ескі тілмен жаңашаайтқанда, осы жолдастардың қай-қайсысы телефон шалса да, өз басым сағаттап  сөйлесуге дайынмын. Түннің қай уағы болса да.Қай жерде жүрсем де. Кәдімгідей қуанып қалам. Тіпті іштей хабарласса екен депжүрем нұқыл. 

Осылардың қай-қайсысын көрсем болды, неге дүр «қорқытқым»келіп тұрады. Қызық үшін. Мысалы, Жәркенді «сені үкімет Қытайға қайта өткізіпжібереміз деп жатыр» десең, боп-боз болып кетеді.  Марқұм Қалдарбек Найманбаев Жәркенге осытақылеттес бір қалжың айтам деп, Үрімшінің көшесінде талдырып ала жаздағанынайтып  күлуші еді. 

Осылардың қай-қайсысын көрсем болды, «алдағым» кептұрады. Бұлар жас бала да сенбейтін өтірікке сенеді. Ескі қазақ айтқандай,«түйеден түйе туып жатыр» десең де нанады. Тіпті «ертең үшінші дүниежүзілік соғысбасталуы мүмкін, үйіңе көп етіп қант-шай алып қой, ине-жіпке қоса, дәретханақағазын алуды ұмытпа! Айтпақшы, тіс шұқығыштың отыз пәшкісін бір-ақ алғайсың»деген сықылды қисынсыз бірдеңені төндіре салсаң, басқа шаруаның бәрін  жиыстырып тастап, дереу дүкенге жүгірері хақ.

                   Бұлар ешқашан бай болмайтынадамдар.

                   Ұмтылған да емес.

                   Бұлар ешқашан батыр даболмайды.

                   Қызыққанда емес.

                   Бұлар ешқашан елді аузынақаратып  билік те айтпайтын адамдар.

                   Талпыныпта көрген емес.

                   Бұлардың, өз кәсіптеріненбасқа, ештеңемен шаруасы жоқ. Мысалы, Жәркен мен Ертайдың өлеңнен басқа,ештеңені мандытпайтынына күмәніңіз болмасын. Ал өлеңді бұл екеуі секілдікеремет жазатындар бізде мүлде аз. Бұлар бөлек ақындар және  мына жарық дүниеде өлеңнен басқа да басқатыратын нәрселер бар деп ойламайтынымен қызық әрі қымбат. Ұлықбектің Жәркенді«тірі  әулие» дейтіні содан. Мен Ертайға«Ертай сұпы» деген ат қойғам.  Басынасәлде, қолына тасбих ұстатып мешіт мінберіне  шығарып уағыз айтқызу үшін емес (мұндай көріністікөзге елестетудің өзі қиын), ешқашан, еш жерде, ешкімге ғайбат сөйлемейтініүшін. Өсек-аяңнан аулақ жүретіні үшін. Жүрек тазалығы үшін. Аузын баққансыпалығы үшін. Қысыр сөз, ала қалжыңнан бойын аулақ ұстап, үйдей бәлелерден үндемейқұтылатыны үшін.  Қартайған сайын ТоқашБердияровқа сырт пошымы ғана емес, ішкі әлемі де ұқсап бара жатқанын өзі білеме екен?!

       Мұндаймысалдар көп.

       Жүніс Сахидыәуелден «Жүніс әулие» деймін. Көп себептің бірі – көн кітаптардағы Жүніспайғамбармен шатастырмау үшін. Абай айтпақшы, «бу хәммәсін» біріктіретін бір нәрсе бар, ол – тазалық. Бізперіште көрген жоқпыз, сайтан болмаса. Бірақ сол періштелер хақындағы әпсаналар (әпсана еместер де) о баста осылар секілдіадамдар бұл пәнидің жүзінде көп болса екен деген  тілектен туса керек.

Әлқисса, бүгінгі хикаямыз Жүніс әулие яки  фантаст жазушы Жүніс Сахиев хақында болмақ.

Ананың қалтасында ақша, мынаның қалтасында қару, арғыбіреуде арыз, бергі біреуде дәрі т.б жүруі мүмкін ғой, ал Жүкеңнің қалтасындаылғи да телескоп жүреді. Қалта телескопы. Жұлдыздарға қарау үшін. Астанадағы арзандатылғантауарлар дүкенінен сатып алған. Табан ақы, маңдай терімен тапқан ақ адалақшасына. Басқа жолмен мал табу дегенді ол білмейді де. Алтыннан ардақты,күмістен салмақты, он сегіз мың ғаламда теңдесі жоқ қадірлі де қасиетті үшбутауарды бір орыстың марқұм болған астрофизигінің немересі әлде шөбересі дүкенгеөткізгенін бұл, әлбетте, естіді. Ұзынқұлақтан. Содан бері аңдып, аңдып қана қоймай, біреу-міреу алып кетпесе екен деп іштейтілеп жүрген. «Күндіз де, түнде де сені іздедім» деп «досмұқасаншылап». Шынтілесең, құдайекең (әділ ғой, қанша айтқанмен) пендесінің көз жасын көредіекен, ешкім алмапты. Біздің кейіпкеріміз әлгі пұлды қанша уақыт тірнектеп жинапкеліп, бір күні «не бел кетеді, не белбеу кетеді, нартәуекел» деп дүкенге кіріпбарған ғой. Ешқайда бұрылмастан тіке барған. Ешкімнен ақыл-кеңес те алмаған.Өзі  шешкен. Қайқайып тұрып  бақандай бес мың теңгені (жаңа ақшамен)  сатушыға санап бергенін айтпайсыз ба?! Содантелескопты алып, аты бәйгеден келгендей, жоқ, олай емес, әйелі ұл тапқандайқуанғанын түсінетін кім бар-ау мына адырам Астана шаһарында, а?  Әрине, үй іші, бала-шағасы білмейді. Достарыда. Неге керек айтып?! Сол күнгі ұйқыны айтсаңызшы.  Егемен еліміздің байтағында осындай да рахат,осындай да ләззатты, осындай да тыныш түндер болады. Ара-тұра. Ылғи емес.  Сондағы түнгі аспан әлемін көрсеңіз, жұлдыздарда ерекше жымыңдады ғой.   Сары жұлдыз шықты іңірден  шапыраштанып, Қожакеевке ұқсап (неге Қожакеев?Ол хақында айтамыз әлі). «Жетіқарақшы» сәл болмаса үйге кіріп кетердей ентелепкеп қалыпты.  «Айдаһар» аузын ашыпөңмендеп тұр тура, о несі-ай,  пәдәріңеләнеттің, а?! Ай ше?   Балконныңтерезесінен «менен бастамайсың ба, Жүке-ау?» дегендей бедірейіп тұрып алды ғой.Бұл телескопты Көк Адай мергеннің көкшақпағы сөнгенше өшірмеді. «Осы неменегежылт етіп жылдам шыға келеді екен, жау қуып келе жатқандай» деп, Күнге  қапа боп қарағаны әлі есінде. Өзі өз болғалыжасаған осы бір сәтті саудасы оны әлі күнге дейін демеп келеді. Шаршатпай,шалдықтырмай қажыр-қайрат беріп келеді. Сәті түспесе, Құдай тағала уә тәбәрәкә,бетін аулақ қылсын, бір иттің баласы алып кетуі мүмкін еді ғой.

Мектеп бітірер-бітірместен Шаяндағы радиотарапта техникболуды армандайды, ауа райын бақылаушы да болады, ұзамай монтерлық жұмысқасұранады. Жұлдыздарға біртабан болса да жақын болмаққа.  Ауылға сырттан келген кісі әуелі қашанда бағананыңбасында жарбиып отыратын  жалғыз жігіттікөреді екен. «Қарқаралы басында жалғыз арша» деген секілді. Соны көріп совхоздиректоры  «мына неме бір күні тоққатүсіп пәлеге қалармыз» деп, басқа жұмысқа ауыстыруды ойлайды, ал бұныңбағаналармен қоштасқысы жоқ, абырой болғанда, ұзамай әскерге алынады да,  қатал бастықтың қаһарынан оп-оңай құтылыпкетеді.  Сол түні  оны бұл жеңісімен ең алғаш құттықтаған да жұлдыздареді.

Ол өзіне керек әлемді әлдеқашан өзі жасап алған адам.Басқа дүниенің ол үшін маңызы шамалы. Ескі әннің «Екі жыл екі күндей болмайды»дейтін қайырмасын қайталаумен жүріп және сол сөзге сеніп жүріп әскерді деаяқтады. Әуелгі алты айлық сержанттық курсты тәмамдаған соң, жұрт жаппайқалаларға орналасқан әскери бөлімдерге сұранады, ал бұл Семейдің селдір жусандышалқар даласына баруға ниет білдірген. Даланың аспаны ерекше. Жұлдыздары дағажап. Ниеті қабыл болады да, жұлдыздары самсаған кең даладағы жалғызрадиолокация бөлімшесіне кеп түседі. Жабыққаны рас, бірақ жалғызсырамады,себебі жанында қашанда жұлдыздары болды. Алғашқы көркем шығармалары сол кездежариялана бастайды. «Білім және еңбек»  журналымен «Қазақстан пионері» газетінде шыққан ірілі-ұсақты дүниелерін ол кейінменсінбеуге айналды, өйткені уақыт өткен сайын армандары да асқақтады, құлашынкең жаюды ұйғарды. Сырттай ұстаз тұтқан Абдулхамит Мархабаевқа  «ағай, мен де сіз секілді фантаст жазушыболғым келеді, журналистика факультетіне түсуге қол ұшын беріңіз» деп хатжазса, ағасы біртүрлі кісі екен: «Оқуға түсуге жәрдем бере алмаспын, ал ендіалда-жалда түсе қалсаң, шығып кетуіңе қол ұшын беремін. Ол оңай. Жазушыекеніңді, ол аздай, маған шәкірт екеніңді  білсе деканың бір-ақ күнде қуып шығады», – депжауап береді.

Әлқисса, әңгімеміздің келесі қысымы студент Жүніс Сахидыңдекан Қожакеевті қалай инфаркт жасай жаздағаны туралы болмақ.

Ағысқа қарсы жүзбесе талант бола ма, Жүкең былайғы жұртқанша қорқытса да, журфакқа түсуге бел буады. Түседі де. Әскерден «оқуғакірсем, шіркін» деп  армандап келген олбірден сабаққа құлшына  кіріскен.Кіріскенде жатақханадағы бөлмесінің есігіне өшіп-жанатын жазуы бар электрлампасын орнатып қояды. Есік түймесін бірінші рет бассаңыз, «Мазамды алмаңызшы!» деген мүләйім жазу жанады, оғантоқтамай, екінші не үшінші рет  үстемелейбассаңыз, «Жоғал, малғұн!» деген ашулы жазу шығады. Екі тілде. Орысшасы тіптіжаман. Екінші жазуды, рас, барлық кезде қоспайды, алда-жалда сабақ оқуға нежазуға ынты-шынтысымен кіріскенде болмаса… Күндіз-түні айқай-шу, той-томалақ,ойын-сауық боп жататын жатақтың студенттері шырық бұзбасын деген ойдан туғанхарекеті  еді бұл. Сондай «ынты-шынты» күндердіңбірінде ғайыптан тайып студенттерді тексеруге келген Қожакеев есік қағады емеспе, кенет  өзінің «малғұн екенін білген»декан екі көзі шапыраштанып, қолына ванна бөлмесінде жатқан бақырашты алып,есікті сабалай бастайды. Сабалаған сайын «Жоғал, малғұн!» деген жазу бір жанып,бір өшеді. Орысша, қазақша. Орысшасының, жоғарыда айтқанымыздай,  беті жаман, зәрең зәр түбіне кетеді. Бұлкезде Жүкең Күн системасындағы жаңадан ашылған планеталардың біріне негеакадемик Сәтбаевтың немесе Байқоңырдың аты берілмейді деген ауыр ойдан арылып,Жер планетасына жақындап қалған аса қауіпті метеорит туралы жазып отырған. «Асақауіпті метеориттің көкесі» есікті бақырашпен төпелеп тұрғанын қайдан білсін. Журналистикафакультеті студенттері арасынан әріде марқұм ақын Марат Отарәлиевтен бастап, беріде ақындар  Мырзан Кенжебай мен Нарша Қашағановқа  дейінгі аралықта  талай «нахалды» көрген Қожакеев мұндайдыкүтпесе керек, ерін бауырына алып екі сағат тынбастан тулайды, ал сөйте тұра  қалай инфаркт болмай аман қалды,  оны ешкім білмейді.

Студент Жүніс Сахи тарапынан Қожакеевке екінші «шабуыл»келесі жылғы жазда  қайта жасалады. Бұлкезде  Жүкеңнің   түніменжатақхананың шатырына орнатып алған телескоппен  жұлдыздарды бақылайтын «ауруға ұшырағанын»екінің бірі біле бермейтін. Обсерватория дегеннің не екенін ауылда телеграфшыболып жүріп-ақ зерттеп біліп алғаны рас, бірақ оның жүрегінде «өз обсерваториясы» бар еді, қайда жүрсе де, оның жанындажұлдыздар жүрді. Күн тезірек батып, жұлдыздар тезірек көрінсе дегенді ол іштейдұғадай қайталайтын. Шатырға адам аяғы басылған кезде ғана шығушы еді. ҚайранКеңес өкіметі жыланның күйсегенін де біліп қояды емес пе, ұзамай мұны  КГБ-ның құлағы шалады да, түн жамылып шатырда жападан-жалғыз  «шетелге хабар беріп отырған студентті қылмысүстінде» қолға түсіреді. Шетелге хабар бермесе, дені дұрыс совет адамы түнжарымда ұйықтамай ма? Ертеңіне «журфактың бір студенті шпион екен, кешетүнде  ұсталыпты» деген хабар тарап, бұл,әлбетте, әуелі деканның  құлағына тиеді.Қожакеевтің екінші инфаркттен қалай аман қалғаны туралы қарт тарих ештеңе айтпайды. Сол жылдары оның Мәскеуден шығатын«Земля и Вселенная» атты журналда Айдың тұтылуын бақылаған ғылыми-зерттеумақаласы аталып өткен болатын, бәлкім, сол себеп болды ма, әйтеуір, оқуданшықпай аман қалды. Айтпақшы, Жүніс Марсты зерттегені үшін кезінде КеңестерОдағы Ғылым академиясының Бүкілодақтық астрономия геодезия қоғамына толық мүшебоп қабылданған аз қазақтың бірі.

Оқуды бітіргендегі арманы не «Білім және еңбек»журналына, не «Мектеп» баспасына қатардағы редактор боп орналасу болатын, ойы,әттең, жүзеге аспады. Бос орын жоқ. Амал не, мұның арман-тілегіне үш қайнасасорпасы қосылмайтын «Спорт» дейтұғын газетке тілші болады. Бірде редакторы жаңакелген жас тілшіге арнайы тапсырма беріп, «бүгін қазақтың «Қайрат» футболкомандасы мен өзбектің  «Пахтокор»командаларының арасында ойын болады, барып репортаж жазып кел» деп жібереді.Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын бір досына еріп стадионға барады. Табанытартпаса да. Стадион уда-шу.  Ара-тұрахалық орындарынан өре түрегеліп, әлденелерді айтып айқайлайды. Ызаланады.Боқтайды. Күледі. Бұған бәрі түсініксіз. Ортадағы жалғыз допты әрі-бері қуалапжүрген жігіттерге  «мына күннің ыстығындақан сорпа болды-ау байғұстар» деп аяп қарайды. Әрқайсысына, әрқайсысына болмаса,екеуара не үшеуара бір доп беріп қойса, сонша алаөкпе болмас  па еді деген ой келеді бұған. Курстасы мұныңне  ойлап отырғанымен ісі жоқ – екі көзіалаңда, жұртқа қосылып еліріп отыр. Ойын бітті. «Жаңағы екеуінің қайсысы «Қайрат»?– деп сұрайды бұл ақырын ғана. «Өй, сен немене, соны да білмейсің бе, бағанаданбері не қарап отырсың,  біздің жігіттеркөк көйлектілер ғой» дейді досы ашуланып. Сонда біздің Жүкең саспастан  «бәсе, өзім де көк көйлектілерге  іш тартып отыр едім, білген екем ғой» депті.Спортқа деген осындай «жанкүйерлікпен» жұмыс істеген ол «Спорт» газетінде ұзақтұрақтай алмады, әлбетте. Содан кейінгі өмірі өзі армандаған «Мектеп» баспасымен «Қазақ совет энциклопедиясының» астрономия пәніне  қатысы бар редакцияларында қарапайым редакторболумен өтті. Басқа қызметті армандамады да. Атақ-мансапқа да қызықпады. Орден,медаль дегендер атымен жоқ. Университетті кеше ғана бітіріп келген пысықжігіттер бір-екі жылдан соң қызметтері өсіп, аға редактор, редакциямеңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактордың өзі, қала берді, баспадиректоры боп  жатады, ал бұл сол аспанәлемі редакциясында сол қызмет, сол үстел, сол жалақы, сол қатардағы редакторбоп, сол бөлмеде зейнетке шыққанша отырды.

Тағы бір қызық жайт, сол жылдары Алматының жайлыпәтерлерінің бірін жалдап тұрып жатты да, бала-шағасын шұбыртып бір-ақ күнде таудағыобсерваторияның маңындағы саяжайлардың біріне көшті де  кетті. Мақсаты – қалайда астронавтғалымдармен жақыннан танысып, болашақ кітаптарына материал жинау. Мұндайжанкештілік тек Жүністің ғана қолынан келетін еді.

«Жүніс, сен осы шымкенттіктерге ұқсамайсың, неге?» депсұрапты одан біреу. Соған орай, Жүкеңнің сауалы: «Бұл сонда мені мақтағаны ма,даттағаны ма?» Менің жауабым: «Жүке, маған ондай сауал қойма. Мен білмеймін.Оны бір білсе Аманхан біледі».

Оны фантастикалық әдебиеттер мен аспан әлемі  жаңалықтарынан басқа, көп ештеңеқызықтырмайды. Саясаттан мүлде бейхабар. Алда-жалда елді жайлаған коррупциятуралы гәп кетсе, ертегі тыңдап отырғандай тыңдайды. Тыңдап болған соң не дейдідейсіз ғой, көзін жыпылықтатып отырып-отырып, «бұл сонда Қазақстанда болғаноқиға ма?» деп сұрайды. «Жоқ, Папуасияда» дейсің жының келіп. «Бәсе, – дейдіол, – ұят қой, әйтпесе». 

Бұ да ана бір жылдары қатардан қалмайын деп, тарихжазумен айналысып көрді. Зерттей келіп, ойды-қырды қопара келіп, ертегідеайтылатын Тазша бала біздің арғы атамыз деген қорытындыға келеді. Себебі оласпанға қарап жатады екен, демек, жұлдыздарды сүйеді деген сөз ғой. Мұныестіген ауылдың шалдары «Сен не шатып жүрсің? Тазша бала дегенді қайдан шығардың? Біле білсең, біз Тас батырдантараймыз. Аруақтарға тіл тигізбей жөніңе жүр» деп ұрысып, қуып шығады. Соданұзақ уақыт бойы ауылға ат ізін салмай кетті. Қазақы қисындармен келіспейтінтұсы бір бұл ғана емес. 

Мәселенки делік, қазақтың қара өлеңі айтады, «Алты Үркер,Жеті қарақшы, Жалғыз қазық, Құс жолы шалқалайды белін жазып» деп. Жүкең осыөлеңге еш түсіне алмайды да. Хош делік, қарақшы жетеу болсын, «Жеті қарақшыны»айтқан шығар, қазық жалғыз болсын, «Темірқазықты» айтқан шығар, ағайындар-ау,ал енді Үркерді алтау дегеніңіз қай сасқаныңыз?!  Үркер шоғындысынан екі жүз жұлдыз, аспан ашықболса, екі жүз жиырма, екі жүз жиырма бес жұлдызға  дейін санауға болады ғой. Қайран Жүкең,мұншама жұлдызды жай көзбен емес, телескоптың көмегімен көруге болатынын жиіұмытып кетеді. Нәтижеде халық мұны, бұл халықты түсінбейтұғын жағдайлар жиіұшырасады. Былайғы ел  ылғи телескопарқалап жүрмейді ғой десек, бұл телескопсыз өмір сүрудің не мәні барын  еш ұқпайды  да.

Фантастика жанры – оқырманы аз жанрдың бірі. Сондықтаноның «Шолпанға көшкен ауыл», «Жаңбыр жауғанда» атты романдарында айтылған болжамдардыңбіразы қазірдің өзінде-ақ жүзеге асып жатқанын екінің бірі біле бермейді. Мысалы,бүгінде аспанда тұтасып тұрған жабағы бұлттарды ұшақтардың көмегімен ыдыратыпжіберуге болатыны  баршамызға мәлім.Жүніс Сахидың шығармаларындағы аталмыш идеяға жұрт кезінде «ой, Жүкеңнің қиялы-ай!» деп күліп еді. Болжамшындыққа айналды. Ал «Қимайтын әлем» атты романы бірнеше шетел тіліне аударылғаны  біздің ұлттық баспасөзде насихатталмайкеледі. Қазақ «қолда бардың алтынның қадірі жоқ» деп осындайда айтса керек. Ол1971 жылдан бастап «Кеңістік көшпенділері» деген атпен фантастикалық романдарсериясын жазып келеді. «Жазушы» баспасы шығарған «Қазақ әдебиеті» оқулығындаоның көркем шығармалары жан-жақты талқыланған.

«Астрономия» оқулығы мектеп бағдарламасынан жеке пән ретіндеалынып тасталмас бұрын, оның редакторлығымен қаншама оқулық жарық көрді, мұныңбәрін айтпағанда, Жүкең құрастырып, аударып шығарған «Астрономия» атты кітапқазақ тарихында тұңғыш рет осыншама үлкен көлемде жарық көрген ғылыми-танымдықбасылым ретінде тарихта қалары күмәнсіз. Әдетте мұндай шығарылым үшін тұтас бірғылыми-зерттеу институттары бірнеше жыл қатарынан еңбек етеді. Соңғыжиырма  жыл көлемінде  кітап саласы редакторларын дайындау ісі ақсаптұрғаны мәлім. Расында, соңғы кезде кәсіби емес әуесқой баспа, кездейсоқбаспагерлер тарапынан  шығып жатқансапасыз кітаптардың шегірткедей қаптауы осы жайтқа тікелей байланысты. Мұныңқаншаға созыларын білмей отырмыз. 

Жүкең соңғы жылдары Астанада тұрып жатыр. «Бұл қаланыңАлматыдан ерекшелігі – жұлдыздар жақсы көрінбейді екен, ылғи көмескіленеді детұрады» дейді келген сайын. Көзім нашарлап жүр демейді. Алматыны сағынып жүрміндемейді. Шаянға барып қайтқым келеді деп те айтпайды. Байтағымыздың төңірегінде көл көп. Буланған ауа аспанды бұлыңғыртүске бояйды. «Қой, Жүке, Астана туралы оспадар сөйлеу саяси қателік» деймізәзіл-шыны аралас. Ол ренжімейді, налымайды да. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай,оның өзі жасап алған өз әлемі бар. Басқаның оған керегі де жоқ. Бақыт деген солемес пе?! Бақытты адамдарды көрсең, өзің де бақытты болғың келеді. Аман жүр,асыл Жүке! Сен керек адамсың!

Фото: kaznews.kz

РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

 

 

 

 

Тегтер: