Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:18, 11 Тамыз 2020

Жүргізушілер ереуілге шықты

                                                                                                                        

Семейліктер«Абай күні» деп белгіленген 10 тамызды тосын сыймен қарсы алды

     Онсыз да сенбі-жексенбі күндері тоқтапқалатын қоғамдық көліктердің аптаның алғашқы күнінде тасымалға мүлде шықпауыжұрт наразылығын туғызды.

Бұған дейін карантин талабының желеуімен демалыс жәнемереке күндері Семейде автобус жүрмейтініне еріксіз көндіккен жұрт дәл осыатаулы датада Жаяу Мұсаның кебін киетінін күтпеген болатын. Бір байқалғаны –жолаушылар тасымалына 1, 36, 29, 26, 18 бағыттардағы «Таксомоторный парк»ЖШС-іне тиесілі шағын автобустар ғана бірлі-жарымдап жүрді. Ал Семей әкімдігініңқолдауымен құрылған «Semey BUS» автопаркіне қарасты су жаңа үлкен класты жасылавтобустар мүлдем шыққан жоқ. Бұған дейінгі апта күндерінде таңғы сағат 7-ден10-11-ге дейін жүріп, артынша сағат төртке дейінгі үзілістен кешкі жеті жарымғадейін  қатынайтыны халықты қажытыпжібергені шындық.

     Ал Абайдыңтуған күні ретінде белгіленген 10 тамызда ақынның туған қаласында жұрттың нежұмысына жете алмай, не қажетті шаруасын шешуге қалаған жеріне бара алмағаныүлкен соққы болды. Бұл тұрғыда Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бастағаншенеуніктердің автобус проблемасын шешуге әлі күнге дейін дәрменсіз екені анықкөрінді. Тіпті автобустардың сенбі-жексенбіде тоқтатылуын карантин кезіндегісақтық шараларымен байланыстыратын айласына да енді жұрт сенбейтін болды.Себебі «Semey BUS-тың» автобус жүргізушілері жалақыларын уақытында ала алмайжүретіні, одан қалса, жөнді-жөнсіз ақысыз демалысқа кетуге мәжбүр болатыныосындай түйткілді мәселені қалыптастырып отыр.

  – Алғашындакарантин кезінде біздің күндік ақымызға «Semey BUS» басшылығы 8000 теңгедентөленетінін айтып сендірген. Алайда онысы 4500 теңге болып есептеліп, 10 күнжүрсек 45 мың теңге ғана жалақы шықты. Одан 6000 теңге шамасында зейнетақықорына аударатын болып, тағы ұсталады. Біз ауысым арқылы 10 күн жүрсек, 39 мыңтеңге ғана аламыз. 20 күнге шыдағандардыкі 78 мың теңге. Зейнетақы қорымызғакейінгі айларда мүлдем қаражат түспегенін анықтап отырмыз. Сонда мұндай қанаушылыққақашанғы шыдауымыз керек? – дейді №4 автобус жүргізушісі Дәулетқазы Мұхамедов.

       Карантин кезінде әртүрлі желеуменжүргізушімен бірге шығатын кондукторлардың қысқартыла бастағаны да аталған паркжұмысшыларының наразылығын тудырды. Қала әкімі ашулы автопарк жүргізушілерініңаптығын басып, сабырға шақыруға тырысқанымен, онысына ешкім сене қойған жоқ.Өзінің еңбек құқығын даулағаны үшін жұмыстан қуылғанын ашына айтқан әйел алдынакелген қала басшысы 10 күн ішінде жағдайды реттеуге мұрсат сұрауға мәжбүрболды. Алайда жалақыға жарымаған автобус жүргізушілері үш күннен артыққа төзеалмайтындарын жасырған жоқ.

       Жалпы, өткен жылдың соңына дейін қалаішінде 52 бағыт бойынша әртүрлі типтегі қоғамдық көліктер жүретін. Жасыл түстіжаңа автобустар сатып әкелінгенін айтқан әкімдік «автобус реформасын» жүргізіп,шағын газельдер мен үлкен ескі автобустарды қолданыстан шығарғанымен қоймай, 10бағытты алып тастады. Есесіне бір ғана Шығыс кентінен 17, 52, 53, 31 шағынавтобустардың бағытын қатынау желісінен қиып тастағаны кент халқына ауыр тиді.Қазір Шығыс кентінің әр жерінде автобус күткен жұрттан көз сүрінеді. 20, 35, 56бағыттағы жасыл автобустарға күні түсетін Шығыс кентінің тұрғындары бұл күніжалғыз 29-бағыттың жалына жармасып, жанталасқа түсті. Ал мұндай ахуалдасанитарлық талап туралы айтудың өзі артық.  

    Бізтұратын Бобровка кентіндегі автобустан 40-бағытты алып тастағаны дұрыс болмады.9-бағытты «Мұрат» саяжайларына дейін ұзартқан болды. Оның өзі дұрыс жүрмейді. Бізгедейін үшеуі ғана келеді. Қалған үшеуі Бобровкадан бері шығуға ерініп, керіқайтып кетеді. Жаяу-жалпылап, карантин кезінде қатты қиналдық. Әйелімкөршілермен 300 теңгеден бірігіп, төрт адам жұмыстарына кетті. Қалаға жету үшінүш аялдама қашық жердегі «Саида» дүкеніне дейін жаяу барамыз. Сағаттапуақытымыз күтумен өтеді. Тіпті кейде келмей қояды, – дейді қала шетіндегі «Мұрат»саяжайының тұрғыны Дулат Семейғазыұлы.

     Қалайдесек те, Семей әкімдігінің автобус қатынасына енгізген өзгерісі халықнаразылығын өршітпесе, кемітер түрі жоқ. Қала әкімі Ермак Сәлімов төбекөрсетіп, мәселені реттеуге тырысатын сыңай танытқанымен, оны тыңдар автопаркбасшылығы көрінбейді. Бұған дейін парк басшылығы автобустардың тұрақты жүруінқамтамасыз етуге кететін шығынды жолақының қазіргі 80 теңгелік құны ақтамайтынынайтып та дабыл қаққан болатын. Ол кезде қоғамдық көлік қожайындары жолақыны 140теңгеге дейін көтеруді ұсынған болатын. Алайда жолақы картасы болмаған жағдайдағана өз қалтасынан 140 теңге шығаратын семейліктер үшін бұл тариф ақылғақонбайды.

     Сонымен, автопаркжүргізушілері мен әкімдік шенеуніктері арасындағы текетірес Абай күні датасыныңда тарихи мәнін ұмыттырып жіберді. Ал, шындығында, бұл қала басшылығының саясисалғырттығы мен рухани мешеулігін көрсетіп берді.   

СәтжанҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Тегтер: