Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:28

Журналист Ботагөз Омарова екі айға үйқамаққа алынды

Ботагөз Омарова
Фото: ашық дереккөз

Сот журналист Ботагөз Омарованы екі ай мерзімге үйқамаққа алу туралы санкция берді. Ол «көрінеу жалған ақпарат тарату» ісі бойынша күдікті ретінде танылған.

Бұл туралы Құқықтық медиа орталығының заңгері Гүлмира Біржанова хабарлады.

Оның айтуынша, түнде журналистің үйінде тінту жүргізілуі мүмкін.

Бұған дейін, 20 наурыз күні сағат 17:54 шамасында Ботагөз Омарова өзінің Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайындағы полиция бөлімінде екенін хабарлаған. Кейін Астана қалалық полиция департаменті «көрінеу жалған ақпарат тарату» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұған арыздың түсуі негіз болған.

Алғашында Омарова бұл іс бойынша қорғау құқығы бар куәгер ретінде өткен. Полиция департаменті ғимаратына бірнеше сағат бойы Құқықтық медиа орталығының өкілдері келіп, журналисті күткен. Сондай-ақ Астанадағы әріптестері де оған қолдау білдіріп, жағдайға алаңдаушылық танытты және құқық қорғау органдары тарапынан нақты ақпараттың жеткіліксіз екенін атап өтті.