Жұрт іздейтіндей жігіт еді...

Жас шамасыалпыстан асқан қарабұжырлау адам бөлмеге ыңылдап, әндете кірген. Көнетоз көкплащы, ескілеу ақ бәйке қалпағы «мен ел қазағымын» деп тұрғандай еді.
Жалпақкөзәйнегін сұқ саусағымен түрте көтеріп, ажырайыңқырай бір қарады. Аяқтарын сәлақсаңдап, теңселіңкірей басатын сияқты.
Бұл, жаңылмасам,2005 жылдың қыркүйек айы. Ол кезде халықаралық «Мир» телеарнасының тілшісімін.Сценарийінжазып, жанталасып отырғанмын.
– Срайыл аға қайда? – деді кірген мейман әлденмезгілде.
– Сәкең әлдебір шаруамен жаңа ғана сыртқа шығып кетті.Біраздан соң келіп қалар.
Әндеткен күйібүйірдегі сөрені шұқылап, кітаптарды парақтап едәуір бөгелді. Сонша еркін. Бөлменіалаңсыз шарлауға кіріскенін онша ұната да қоймаймын. Қабағымның қатыңқылауекенін өзі де сезген секілді.
– Жарайды, – деді. – Менің келіп кеткенімді айта саларсыңоған…
Үніндегі күмісқоңырау сыңғырындай ерекше тембр елең еткізді. Бұрылып енді жөн сұрайындегенімше, қонағым сыртқа шығып үлгеріпті. Осы сәтте санама әлдене жетті.Күмбірлеген қоңыр дауыстың иесі әйгілі диктор Омархан Қалмырзаев еді. Орнымнан атып тұрып, соңынан жүгірешықтым.
– Омархан аға!
Қатты шыққандауысқа жалт қарап, аңтарыла бұрылды. Мені көріп, ақсия күледі. Өзін енді ғанатанығанымды аңғарғаны.
– Жаңа қарбалас жұмыспен әуреленіп отыр едім. Істі аяқтап,аузымды ашқанша шығып кетіпсіз.
– Е, оқасы жоқ.
Елге белгіліадамды алғаш көруім ғой. Даусы бала жастан таныс. «Мосфильм» киностудиясыөнімдерінен бастап, бүкіл Одақ фильмдерін қазақша сөйлеткен дубляж шеберлеріойға оралады. Бұл кісінің аты аталғанда көзіме қырық-елулердегі аппақ, көкірегікүйсандықтай күмбірлеген, сырбаз, еңселі бір бейне елестейтін. Мына қазіргітүрі енді… Қатыгез уақыт аясын ба, сонау алғашқы әсерді әжімі қалың күнқақтыжүзі ғана сәл-пәл өзгерткендей болады.
Шай ішіп,маңдайы жіпсіген Омекең де ашылды. Кино дүниесіне, ондағы аударма ахуалынашолудан басталған сөз біртіндеп әдебиет әлеміне жалғасқан. Кәнігі маманныңсаланың арғы-бергі тарихынан, жаңа заманғы технология жаңалығынан мол мағлұматытәнті еткен.
Бұл кездесуденкөп жыл өткенде радио ардагері Сауық Жақанованың атақты әріптесі туралы аз-кем әңгіме есіметүсті.
– Шетелдік фильмдерді қазақша сөйлететін, негізінен,артистер екені аян. Дубляж жұмысы оңай емес, – дейді Сауық апай. – Оғанкинодағы образға, актердің жан әлеміне еркін кіріп кететіндей айрықша қабілетқажет. Кейіпкердің есі шыға қуануын немесе мұңайған, қатты ашуланған сәтінжалғыз дауыстың көмегі арқылы жеткізе алмайсың және бұл лезде, табиғи түрдеорындалуы тиіс. Бұған қоса, айтылған сөз ерін қимылына сәйкесіп, өте жымдасып,өнер туындысы әу баста-ақ қазақша шыққандай әсер қалдырса мақсатыңа жеткенің.Ауыздан шыққан сөздің ерін қозғалысына орайласуын «укладка» дейді, бұл өзміндетіне кірмесе де, бай қазақ тілін еркін меңгерген Омархандар жұмыспроцесінде текст аударушының ісін де кейде қоса атқарғанын білеміз. Яғнимағынасына қарай синоним сөздерді ұтқыр ауыстырып қолдана береді. Мәтінніңстилистикасы, артикуляция дегендер бар. «Балуанға оң-солы бір» дегендей, міне,кәнігі маман бұл жағынан да қамшы салдырмайды. Режиссерге керегі де осы.Сондықтан Омекең дубляжда ылғи алдыңғы лекте болды.
Бір күні олүйіріне қайта оралғандай радиоға келіп, бізбен бірге дикторлық іске кірісті. Олкезде мұнда Әнуарбек Байжанбаев, Мырзабек Қуатбеков, Мәмбет Сержанов сындымықты мамандар қызмет етеді. Бұлар үлкенді-кішілі әдеби дүниелерді, жаңалықтарды,журналистердің жазбаларын оқиды. Дикторлық деген – рөлге кіру емес, мұндабелгілі сипаттағы хабарларды халыққа жеткізу – басты міндет. Омархан көпқиналмай, мұны да алып кетті.
Меніңше, осыкүнге дейін ел есінде қалған дикторлар сол биік үдеден шыққандар. Жоғарыдаайтқанымыздай, мәселе тек зор дауыста емес. Жалғыз ересен екпін, күшті үнментүк те бітіре алмайсың. Айталық, біздің елде дауыс диапазоны аса кең депесептелетін небір әншілер жүр, бірақ солардың көбі халық көңілінен шыға алмайжатады. Өйткені жан әлемі жұтаң, көкірек сарайы кедей, білімі саяз, дүниетанымаясы тар. Ал Омархан Қалмырзаев нағыз білікті маман еді.
Кейін ол Әнекең – Әнуарбек Байжанбаев қайтыс болғаннан кейін бірінші нөмірлідикторға айналды. Совет заманында үлкен-үлкен орталық газеттерде мамырдың 1-інемесе қарашаның 7-сі күнгі мерекелер қарсаңында құлаш-құлаш ұрандаржарияланады. Соларды жаңғырта оқып, халықты қанаттандыру қажет болады. Міне,Омархан Қалмырзаев бұл тұрғыдан да таптырмайтын маман-тын. «Дикторлардыңкезекшілігі» деген тәртіп бар еді. Сондай жұмыста отырған сәтімде басшылар«дереу Қалмырзаевты табыңыз» деп тапсырма беретін. Үйіне дейін іздеп барып,алып келемін.
ОмарханҚалмырзаев, негізі, кинодан да қол үзе қойған жоқ-ты. Өте өнерлі жігіт сол салада да кәсіби шеберліктіңнағыз үлгісін көрсетті. Өзі Қордайжақтың азаматы еді. Кейін ел жағына барып, қайтыс болғанын естідік.
***
Байқауымызша,тіршілігі халық арасында өткенімен, Омекең өз әлемін көбірек қызықтап, саяқжүруді қалаған тұйық адам сияқтанады. Ел көзіне түсуге құштарланбаған,кісікиіктеу жан ба деп топшылаймыз. Тіпті фотосуретке де көп түспегенекен.
Дикторлық өнерқанына сіңген хас шебердің шәкірттері бар ма, оны да аса біле қоймадық. Теккүндердің күнінде жас ұрпақ мұндай маманның мектебін Темірқазық секілді бағытқаалатын сәттер де туар деген үміт жоқ емес.
Ең қиыны – дара дауыс иесінің көп сыры өзімен біргекеткендей.
ҚұлтөлеуМҰҚАШ