11:03, 24 Ақпан 2021
Жұрттың көзінше ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды
Полиция Екібастұзда ер адамды атып өлтірген 60 жастағы күдіктіні ұстады.
«23 ақпанда сағат 8:00-ден 8:10-ға дейін Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға оқ атқан.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығы Нұрлан Мәсімов.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті Екібастұз қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді.