Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:41, 11 Тамыз 2020

Жыры бітпеген жертөле

Шиелі ауданы Ақмая ауылының тұрғындары ескі мектепкебалаларын жібергісі келмейді.

Себебі ауылдағы №49 мектепте бүгіндері күрделіжөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 1983 жылдан бері жөндеу көрмеген мектеп бүгінде әбдентозған. Оны қабырғаларының ажырап, іргетасы сөгіле бастағанынан байқауғаболады. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания құрылысшылары дамектептің кейбір жерлерін бұзуға қорқып отыр екен. «Кей қабырғаларын түртіпқалсаң, опырылып кетердей» дейді. Ал ауыл халқы мектепті бұзып, жаңасын салукерек деп отыр.

Осы мектептің ардагер ұстазы Бақыткүл Оразымбетова білімордасының жағдайын жақсы білемін дейді.

– Бұл мектептің қабырғасы қаланғаннан-ақ сапасыз болған-ды.Көп ұзамай мектептің жертөлесінен су шығып, іргетасы жарылып кетті. Мектеп асханасыныңжоғары жағында акт залы бар. Онда балаларды жинап, іс-шара өткізейік десекқорқамыз. Өйткені балалар қозғалған сайын асхананың төбесінен құм саулап,топырақ түседі, – дейді қарт ұстаз.

Тұрғындар мектеп кабинеттері ешқашан жылымағанын жасырмайды.Ал қыста ауданнан тексеру келсе, оқушыларды сырт киімдерін шешіп отыруғамәжбүрлейді екен.

– Олар алты сағат бойы мұздай жерде отырып, үйге ауырыпкеледі. «Неге сабақтан қалды» дейді. Қалай қалмайды, егер қызуы көтеріліп, ауырса.Емдеп, уколдарын салып жібересің. Екі аптадан кейін қайта ауырады. «Ойбай,комиссия келе жатыр» деп, желең отырғызып қояды. «Жылы деп айтыңдар» дейді.Комиссия кеткенше, сол мұзханада отырады, – дейді ата-ананың бірі Индира Әбдумәуленова.

Жертөледегі ыза су Шиелі ауданының бас магистральдыканалынан және ауыл маңайындағы күріштіктің суынан жиылады екен. Жерастысуларының жиналу горизонты да жоғары деңгейде болғандықтан, жертөленіңбассейнге айналатыны белгілі болды.

Ал енді ыза суы көлкіген жертөле неге жөндеу жұмыстарынакірмей қалды деген сауал туындайды. Өйткені жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалыққұжаттамасына жертөле кірмей қалған. Мұны ауыл әкімі де растады. Бірақ себебінтүсіндіре алмады.

– Оған тапсырыс берілмеген ғой. Содан кейін кірмегеншығар, – деді екіұшты жауап берген Ақмая ауылдық округінің әкімі Жарқынбек Арысланов.

Қызығы сол – ауыл әкімі осы уақытқа дейін жөндеужұмыстарының сметалық құжаттамасын қолына ұстап та көрмепті.

– Ақша бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы берімен осы мектеп директорынан, қызметкерлерінен сметаны сұратып, өзім де шамалы оқып-біліп,халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізейін дедім. Бірнеше рет сұрадым, сметақұжаттарын әлі берген жоқ, – дейді шарасыз күйге түскен Ж.Арысланов.

Мәселенің мән-жайын тапсырыс беруші Шиелі аудандық білімбөлімінен сұрадық.

– Мен де бұл сұрақты мектеп директорына қойғанболатынмын. Директор қазір еңбек демалысында. Ол осы жертөледе су бар екенінбілді,  жөндеу кезінде оны неге сметағақоспадың дегенде, ол «біз сыздырған кезде ұмытып кеттік» деді ме, өзі нақтыайта алмады. Негізі, жертөлені қосу керек еді, – дейді аудандық білім бөлімібасшысының міндетін атқарушы Ынтымақ Мәдиев.

Осылайша басшылардың бірі сметалық құжатты көрмедім десе,екіншісі күрделі жөндеуге не себепті жертөле кірмегенін айта алмады. Солсебепті ортанқол ауылдың 600 оқушысы жаңа оқу жылында көне мектепке барғылары келмейді.

    Дау болған көне мектептің «жырына»Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков келді. Тұрғындармен сұхбаттасқан әкіммектеп ғимаратының жертөлесіндегі ыза сулардың мәселесін талқылады. Нәтижесіндеаудан басшысы жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөліп, мектеп маңайынандренажды су скважиналарын қазу туралы шешім шығаратын болды. Ауыл тұрғындарынаыза су горизонтын төмендету бойынша тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты. Барлықайтылған ұсыныстар бойынша ортақ шешімге келген әкім тұрғындармен бейбіткелісіммен тарқасты.

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

    Қызылорда облысы

Тегтер: