1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15867) 5 желтоқсан, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 желтоқсан 2013
Спорт ақпарат

“ТРАКТОРДЫ” ТОҚТАТТЫ

Құрлықтық хоккей лигасында астаналық “Барыс” челяблiк “Трактор” клубын 4:0 есебiмен күйрете жеңдi. Челябiде өткен ойын­да айдын иелерi дәл мұндай шабуылды күтпесе керек, әбден састы. 8-минутта “Барыс” капитаны Дмитрий Уппердiң ұрымтал тұстан шайба соғып әрiптестерiн жiгерлендiрiп, астаналықтар ойын соңына дейiн нәтиженi 4:0-ге апарып, кеткен есенi қайтарды. 28 қазанда Астанада өткен ойында дәл осы “Трактор” астаналықтарды 5:1 есебiмен “таптап кеткен”. Бұл жолы челябiлiк хоккейшiлердiң жiгерi құм болды.  
“Барыс” бүгiн Нижнек­а­мскiде жергiлiктi “Нефтехимик” клубына қарсы ойнайды.
 
ҚАТЫСАМЫЗ
Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Халықаралық волейбол федерация­сының (FIVB) кеңесiнде келесi жылғы әлемдiк гран-при сайысына қатысатын құрамалар анықталды. 
Елiмiздiң ұлттық құрамасы әлемдiк гран-при сайысына “С” тобында Алжир, Болгария, Кения, Мексика, Австралия, Ховатия, Чехия құрамаларымен сынға түседi. Алғаш­қы iрiктеу кезеңi келер жылы 25-27 шiлде аралығында өтсе, екiншi кезең   1-3 тамыз күндерiне жоспарланды. 
 
АТАҒЫН АДАМАДАН ҚОРҒАЙДЫ
Кәсiпқой бокстан WBA, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннiң келесi жекпе-жегi 2014 жылдың 1 ақпанында Монте-Карлода өтетiн болды. Қарсылас – 32 жастағы ганалық Осуману Адама. АҚШ-та тұратын Адама кәсiпқой бокста осы күнге дейiн 25 жекпе-жек өткiзiп, 22 рет жеңiске жетсе, 3 кездесуiнде қарсыласының алдында тiзерлеген.   
Головкин өзiнiң чемпиондық белбеуiн оныншы мәрте қорғайды.
 
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар