1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Алға» партиясы «Менiң көшбасшым емес!» шарасын өткiзiп, «Нұр Отанның» аймақтағы өкiлдiктерi алдында пикет жасамақ. Бұдан не өзгередi?
«Нұр Отан» «Ұлттың ғана емес әлемнiң әкесi!» деген қарсы шара өткiзедi (7.9%)
Назарбаев «елбасы» мәртебесiнен бас тартады (2.6%)
Ендi ештеңе өзгермейдi (75.4%)
Көшбасшысын халық өзi таңдай бастайды (14%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15476) 4 наурыз, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
4 наурыз 2010
«Реал» – әлемдегi ең бай клуб

Мадридтiң “Реал” футбол клубы әлемдегi ең бай клубтардың көшiн бастап тұр. Мұндай ақпаратты “Deloitte” аудиторлық компаниясы жария­лады. Халықаралық аудиторлық компаниясы әлемдегi футбол клубтарының әмиянын ақтарып жүргенiне он үш жыл болды. Компания басшылары бай клубтардың жылдық кiрiсiн есептей келе Мадридтiң “Реа­лын” биыл алтыншы жыл қатарынан көш басына қойып отыр. Корольдiк клубтың же­ке қазынасына былтырғы жылы 400 миллион еуродан астам табыс кiрген. Екiншi орында – Испанияның тағы бiр клубы каталониялық “Барселона”. Чемпиондар лигасының былтырғы жылғы чемпионы 2009 жылы 365,9 миллион еуро пайда тапқан. 2008 жылдың қорытындысы бойынша ең көп табысқа кенелген командалардың арасында екiншi орында болған ағылшынның “Манчестер Юнайтедi” үшiншi орынға ығысыпты. Немiстiң “Бавария” клубы да “малтапқыштығы” жағынан ешкiмнен қалысар емес. Жылына 289,5 миллион еуро тапқан мюнхен­дiк клуб төртiншi орында тұр. Бiр қызығы, әлемнiң ең бай клубтарының алғашқы ондығына кiлең еуропалық командалар кiрген.

 
ӘЛЕМНIҢ ЕҢ БАЙ 10 КЛУБЫ
1.Реал (Испания) – 401,4 миллион еуро;
2.“Барселона” (Испания) – 365,9;
3.“Манчестер Юнайтед” (Англия) – 327;
4.“Бавария” (Германия) – 289,5;
5.“Арсенал” (Англия) – 263;
6.“Челси” (Англия) – 242,3;
7.“Ливерпуль” (Англия) – 217; 
8.“Ювентус” (Италия) – 203,2;
9-10. “Интер” (Италия) – 196,5;
9-10. “Милан” (Италия) – 196,5.

 

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
ben | 4 наурыз 2010 15:04
1.Nur Astana 1 000 000 000$
Merey_ACT07 | 8 наурыз 2010 02:17
KTL ma ?
hahahahahha!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар