1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 желтоқсан 2016
“Арландар” айқасқа әзiр

“Астана арландары” клубы бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) 7-маусымын келесi жылдың ақпан айында бастайды. Жетiншi маусымда 12 команда үш топқа бөлiнiп сынға түседi. “Арландар” алғашқы айқасын Ресейде өткiзiп, клубтың боксшыларына қарсы тұрады. Серiк Сәпиев жетекшiлiк ететiн “Астана арландарының” жетiншi маусымда сайысқа түсетiн боксшылары белгiлi. Серiк Сәпиев клубтағы боксшылардың қатары жаңа есiмдермен толыққанын, ұжымда ауыс-түйiс болғанын айтқан-ды.
Ұлттық құрама сапынан кеткен Олжас Сәттiбаев (52келi), Iлияс Сүлейменов (56 келi) “арландардың” намысын қорғайды. Одан сырт Антон Пинчук, Ерiк Әлжанов, Асланбек Шымбергенов, Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек, Темiртас Жүсiпов сынды тiсқаққан боксшылар биыл да “арлан” атанып, додаға түседi. “Арландар” ресейлiктерден өзге Өзбекстан және Қытай елiнiң клубтарына қарсы айқасады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар