1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 желтоқсан 2016
Ауыр салмақтың алтыны қандасымызға бұйырды

Қарағанды қаласында бокстан бiлiктi бапкер Ғалым Жарылғаповты еске түсiруге арналған халықаралық турнир мәресiне жеттi. Биыл бұл турнирге алғаш рет қыздар да қатысты. Бокстан қыздардың олимпиадалық салмағы (51, 60, 75 келi) бойынша сынға түскендер жүлдеге таласты. Екi дүркiн әлем чемпионы Назым Қызайбай 51 келiде топ жарып, финалда өзбекстандық Азизабон Мамырованы жеңдi. 60 келiде ақмолалық Карина Ибрагимова өзбек елiнiң бойжеткенi Едогра Мирзаеваны ұтса, 75 келiде қарағандылық Виолетте Князева Қызылорда облысының боксшы қызы Ақерке Бақытжанды жеңдi. Ерлер арасында 49 келiде Алматы облысының боксшысы Жандос Нәсiпжан жеңiске жетiп, финалдық жекпе-жекте Алматы облысының тағы бiр боксшысы Әлiшер Айтқожановты ұтты. 52 келi салмақта қарағандылық Ақниет Балтабаев ақмолалық Оразбек Асылқұловты жеңiп, халықаралық турнирдiң жеңiмпазы атанды. 56 келiде Алматы облысының боксшысы Бекжан Құралов қарағандылық Қанат Тұрғамбаевты еңсердi. 60 келiде Қарағанды облысы командасының намысын қорғаған Сергей Макарихин Мирас Ертеновтi жеңсе, 64 келiде де қарағандылық Мақсат Жексенбi қостанайлық Николай Швабаны ұтты. 69 келiде қостанайлық Сергей Карбывничий ақмолалық Владислав Преображенскийдi жеңдi. 75 келi салмақ дәрежесiнде финалдық айқасқа қостанайлық Рустам Жұмағұлов қарағандылық Владислав Столбовскийге қарсы шыққан. Жұмағұловтың басым түскенiн төрешiлер де бiрауыздан мақұлдап жеңiстi қанжығасына бөктерiп бердi.
81 келi сламақта Ғалым Жарылғапов турнирiнiң алтыны бiздiң боксшыларға бұйырмады. Қытайда тұратын қандасымыз Еркiн Жанқожа финалда шымкенттiк Абзал Құттыбековтi ұтты. 91 келi салмақта қарағандылық Алексей Севостьянов Жамбыл облысының намысын қорғаған Бекжан Бәкiровтен басым түстi. Былтыр да Севостьяновты сүрiндiретiн боксшы болған жоқ. Аса ауыр салмақта да халықаралық турнирдiң алтынын Қытайдан келiп қатысқан боксшы иелендi. Қытайда тұратын қандасымыз Ахмет Майматы қарағандылық Дмитрий Зисконы жеңдi.

                                                                               КАПИТАНДЫ ЖIБЕРДI
“Астана” футбол клубының капитаны Таңат Нөсербаев клубтан кеттi. Елордалық клубта алты жыл ойнап, команданың капитаны қызметiн атқарған Нөсербаевтың басшылықпен жасасқан келiсiмшарт мерзiмi бiтпеген. Соған қарамастан еркiн агент ретiнде жiберiптi. Ендi Нөсербаев басқа клубтың сапында ойнайды. Әзiрге оның қайда ауысатыны белгiсiз. “Астана” басшылығы “Нөсербаев отбасымен бiрге оңтүстiкке қоныс аударғысы келетiнiн айтты. Бiз оның өтiнiшiн ескерiп, клубтан жiбердiк. Ол бiздiң ұжым үшiн орасан еңбек сiңiрдi. Футболшы ретiнде де, капитан есебiнде де. Оған есiгiмiз әрдайым ашық, “Астана” футбол клубының маңдайалды футболшыларының бiрi ретiнде тарихқа жазылады” дейдi.
Таңат “Астана” намысын қорғаған алты жылда премьер-лига үш рет жеңдi, Қазақстан кубогын, суперкубокты екi рет иелендi. УЕФА Чемпиондар лигасында һәм Еуропа лигасында ойнады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар