1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16188) 10 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 қаңтар 2017
Сербиядағы сайыста сыналады

Бокстан елiмiздiң қыздар құрамасы Сербияда өтетiн халықаралық турнирге қатысады. Вадим Присяжнюк баптайтын бойжеткендер жыл сайын өтетiн дәстүрлi турнирде бақтарын сынамақ. Тауық жылындағы алғашқы халықаралық турнирге тiсқаққан, сыралғы боксшылар қатысады. “Бұл Алматы облысы, Талғар ауданындағы AIBA-ның бокс академиясында әзiрлiк өткiзген қыздарды сынайтын сын болмақ” дейдi бапкерлер.  Сербия жерiнде ел намысын Рио Олимпиадасының қола жүлдегерi Дариға Шәкiмова, Олимпиада дуына қатысқан Жайна Шекербекова, әлем чемпиондары Дина Жоламан, Валентина Хальзова сынды боксшылар қорғайды.

ТАУЫҚ ЖЫЛЫНДА ДА ТАРТЫС КӨП

Тауық жылында елiмiздiң ерлер және әйелдер құрамасы тартыстан кенде болмайды. Қыздар әлемдiк гран-придiң екiншi тобында ойнайды, Азия чемпионатына қатысады, әлем чемпионатына iрiктеу додасына қосылады.
Жiгiттер де әлемдiк гран-придiң үшiншi тобында сынға түседi, құрлық бiрiншiлiгiне қатысады. Жауапты тартыстың бiрi – әлем чемпионатына iрiктеуге қатысады.
Тауық жылында волейболдан бiздiң елде де халықаралық сайыс өтедi. Клубтар арасындағы Азия бiрiншiлiгi Өскеменде ұйымдастырылса, Алматыда әлемдiк гран-придiң екiншi кезеңi өтедi.


ЖАСТАР ЖАРЫСТЫ БАСТАДЫ
 

Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында футболдан “Гранаткин мемориалы” өтiп жатыр. Осымен 29-рет ұйымдастырылған додада 19 жасқа дейiнгi футболшылар сынға түседi. Бiздiң жастар құрамасы С тобында Литва, Словакия, Әзiрбайжан құрамаларына қарсы ойнайды.
А.Кузнецов баптайтын жастарымыз (U-19) 2 қаңтардан бастап Талғардағы базада оқу-жаттығу жиынында болды. Ресейге жүргенге дейiн төрт рет жолдастық матч өткiздi.

ТҰҢҒЫШ РЕТ

29 қаңтарда түңлiгi түрiлетiн 28-қысқы универсиада додасында елiмiз тұңғыш рет шаңғымен тұғырдан секiруден бойжеткенiн қосады. Шаңғымен тұғырдан секiру федерациясының президентi Андрей Вервейкин ерлер құрамасы Еуропада шыңдалып жүргенiн, 22 қаңтарда Алматыға оралып, дайындықты пысықтайтынын айтты. Одан сырт алғаш рет спорттың осынау түрiнен универсиадаға бойжеткенiмiздi қосамыз. Даяна Ахметуәлиева шаңғымен тұғырдан секiруден сынға түседi. Алматыда өтетiн универсиада додасында шаңғымен тұғырдан секiруге 21 елдiң спортшысы қатысуға өтiнiш берген.

ИЛЬЯНЫҢ АЛТЫНЫ КОЛЕЦКИГЕ КЕТТI

Польшаның ауыр атлетика федерациясы Бейжiң Олимпиадасында Илья Ильиннiң жеңiп алған алтын медалi поляк Шимон Колецкиге берiледi деп жазды. Допингке қарсы халықаралық агенттiк (WADA) Илья Ильин 2008 жылы Бейжiңде Олимпиада чемпионы атанғанда рұқсат етiлмеген препарат тұтынды деп айыптаған-ды. Және арада бiрнеше жыл өткенде осындай шешiм шығарды.
Бейжiң Олимпиадасында Шимон Колецки күмiспен күптелген болатын. Илья Ильин жұлқи көтеруде 180 келiнi, серпе көтеруде 226 келiнi еңсергенде Колецки жұлқып 179 келiнi, серпiп 224 келiнi көтерген-дi. Бейжiң Олимпиадасында қола жүлдегер атанған ресейлiк Қажымұрат Ақаевтың да қанынан допинг табылып, оның қола медалi өзге ауыр атлетке берiлмек.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар