1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (16212)   4 сәуір, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 сәуір 2017
Тұрсынбаева Пьенчанға жол ашты

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Хельсинкиде (Финляндия) өткен әлем чемпионатында 9-орынды иеленді.
Ол әуелі қысқа бағдарламада 65,48 ұпай жинап, 10-ыншы нәтиже көрсетті. Сөйтіп, еркін бағдарламада сынға түсу мүмкіндігін иеленді. Еркін сырғанауда Элизабет көрсеткішін жақсартып, 126,51 ұпаймен 8-сатыға табан тіреді. Бұл – Тұрсынбаеваның жеке рекорды. Қос бағдарлама қорытындысында жинаған 191,99 ұпайы отандасымыздың жалпы есепте 9-орын алуына жол ашты.
Өткен жылы Элизабет Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатына қатысып, 12-орын алған-ды. Бостонда Тұрсынбаева 121,99 ұпай алды, қоссайыстағы жиғаны 183,62 ұпай еді. Міне, көрсеткішін жыл сайын жаңартып, алға басып келе жатыр. Элизабеттің өзі әлем чемпионаты мен олимпиадада жеңіс тұғырына көтерілуді армандайды. Сол арманына Хельсинки додасы жол ашып отыр.
Әлем чемпионатында үздік ондыққа енуінің арқасында Тұрсынбаева келесі жылы Пьенчанда (Оңтүстік Корея) өтетін Олимпиялық ойындар жолдамасын иеленіп қана қоймай, осы сынға елімізден екі сырғанаушы қатысуына мүмкіндік ашты.
Бұған дейін Қазақстан атынан Олимпиялық ойындарға әйелдер арасында ешкім қатыспаған еді. 1994 жылы – Лиллехаммерде (Норвегия),1998 жылы Наганода (Жапония) өткен қысқы олимпиадаларға мұздағы биден Дмитрий Казарлыга мен Елизавета Стекольникова қатысты, ал жұптасып өнер көрсетуден Марина Халтурина мен Андрей Крюков Наганода бақ сынады. Қыздарға қарағанда ерлердің қатысуы толымдырақ: 1998 жылы – Юрий Литвинов, 2010 және 2014 жылдары Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев олимпиадаларда бақ сынады. Тен 2014 жылғы Сочи олимпиадасында қола жүлде жеңіп алып, Қазақстан қоржынындағы жалғыз медальдің иесі болды.
Сыртқа көбірек танылған Элизабет жайлы қазақ жанкүйерлері нені білуге тиіс?
Э.Тұрсынбаева 2000 жылы 14 ақпанда Мәскеуде (Ресей) дүниеге келген.
Әкесінің есімі – Байтақ, анасы – Падишахан. Тимур, Арман есімді екі ағасы бар.
Жары перзентханаға кеткенде Байтақ Элизабет Тейлор басты рөлде ойнаған «Клеопатра» фильмін көріп, актрисаның шеберлігіне тәнті болады. Дүниеге келген қызының есімін мықты актрисаның құрметіне Элизабет деп қояды.
Кішкентай кезінде Элизабет көп ауырған, иммунитеті төмен болған. Ата-анасы оны Тимур секілді мәнерлеп сырғанау секциясына берген. Бес жасынан бастап осы спортқа бел шеше кіріскен Элизабет 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы Мәскеу біріншілігінде топ жарды. Оны Мәскеу және Ресей құрамаларына қосады. Отбасында осы мәселеге қатысты бәрі ақылдасып, ақыры Элизабетті Қазақстан атынан сынға қосу мәселесі толық шешіледі.
2013 жылы Элизабет Канаданың Онтарио штатындағы Торонто қаласына барып, белгілі бапкер Брайан Орсердің қол астында жаттыға бастайды.
2014 жылдан бері Лиза Қызылорда облысы мен Қазақстан атынан сынға түсіп, үш рет Қазақстан чемпионы атанды. Жасөспірімдер олимпиадасында және биылғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды.
Э.Тұрсынбаева Ирина Страхова, Александр Шубин, Светлана Соколовская, Этери Тутберидзе сияқты мамандардың тәрбиесін көрді.
ISU рейтингінде Элизабет 14-орында тұр.
Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында ерлер арасында Денис Тен 16-орын алды. Денис те Пьенчан олимпиадасына қатысу құқын жеңіп алды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар