1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 сәуір 2017
«БАРСЕЛОНА» ЖАР ЖАҒАЛАП ЖҮР

Чемпиондар лигасы

Ширек финал.
Бірінші матч
«ЮВЕНТУС» – «БАРСЕЛОНА» – 3:0 (Дибала, 7, 22, Кьеллини, 55)
«Барселона» 1/8 финалды аңызға бергісіз нәтижемен аттап өтіп еді. Алғашқы кездесуде сырт алаңда ПСЖ-дан 0:4 есебімен ойсырай жеңіліп, лиганың бас жүлдесінен үміт үзгендей болған. Алайда қарымта кездесуде каталондықтар лига тарихындағы ең үлкен «камбэк» жасады, Франция чемпионын 6:1 есебімен түре жеңіп шықты. Алайда бұл ойын туралы жұрт пікірі қақ жарылды. «Барселонаға» төреші болысқанын гу-гу әңгіме еткендер аз болған жоқ.
Ширек финалда сырт алаңда сәтсіздік серияға ұласты. Бұл жолы «Барселонаны» «Ювентус» тізерлетті. Бұл соққыдан Луис Энрике шәкірттері ес жия ала ма, мәселе сонда. Өйткені «Ювентус» қорғаныста дағдысы бойынша өте жинақы ойнады. Ал шабуылда жақсы мүмкіндіктерді қалт жіберген жоқ. «Мен Месси емеспін, Пауло Дибаламын!» – деген-ді туриндіктердің аргентиналық мергені матч алдында. Шынында да, Дибала бұл күні отандасы Мессиден асып түсті. Не де болса қарымта ойын қызық болғалы тұр.

«БОРУССИЯ» Д – «МОНАКО»
«Боруссия» футболшылары мінген автобус бұрылып, «Сигнал Идуна Парк» стадионына бастайтын үлкен жолға түскенде жарылыс болды. Қақпашы Роман Бюрки былай деп еске алады: «Жолға бұрылғанымыз сол еді, тарс еткен дыбыс шықты. Бәріміз басымызды қалқалап, бұғып жата қалдық. Не болғанын түсінгеніміз жоқ. Автобустың алдыңғы терезесі быт-шыт болып, сынықтары менің қасымда отырған Марк Бартраға тиіпті. Полиция тез келіп жетті».
Терезе жарықшақтары Бартраның шынтағына тиіп, сүйегін сындырып кеткен. Кеше оған дереу ота жасалып, етіне кіріп кеткен әйнектер де алынды.
Сәл кейінірек белгілі болғандай, жарылғыш заттар жол жиегіндегі бұталарға жасырылыпты. Оқиға кезінде автобусқа жол ашып бара жатқан мотоциклдегі полицей де зардап шеккен. Оның құлағы бітіп қалған.
ФИФА президенті Джанни Инфантино мұндай әрекетке тәуекел еткендерді қатаң айыптайтынын айтты. «Боруссия» мен «Монако» арасындағы кездесу кеше түнде немесе 15 сәуірде ойналуы мүмкін екені сөз болды, бірақ нақты шешім газетіміз өндіріске кеткенше айтылған жоқ.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар