1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (16244) 25 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
25 шілде 2017
Будапештте Баландиннің бағы жана ма?

Венгрия астанасы Будапешт қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Отандастарымыз аса жоғары нәтиже көрсетпесе де, көңіл демдейтін табыстар бар.
Ең әуелі олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге тілеулес екеніміз жасырын емес. Дима Рио олимпиадасындағы жеңісінен кейін жарты жылға жуық демалып, жарыс жолына жақында ғана оралды. Ол Болгария ашық біріншілігінде топ жарып, бабына ене бастағанын аңғартты.
Алайда Будапешттегі алғашқы жарысынан-ақ Баландиннің әлі біраз еңбектенуге тиіс екенін байқадық. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзу бағдарламасында ерекше көзге түсе алған жоқ.
Баландин жеті іріктеу тобында сынға түсті. Алғашқы 50 метрді 28,42 секунда жүзіп өтті. Бұл – маусымдағы ең жақсы көрсеткіштерден едәуір төмен нәтиже. Қалған 50 метрде Дмитрийдің қарқыны тағы баяулай түсті (29,87 сек). Сөйтіп, ол іріктеу кезеңінде өз тобындағы Никола Мартиненги (Италия), Ясухиро Косеки (Жапония) секілді жүзгіштерден ғана емес, тағы 18 спортшыдан кейін қалып қойды. Жартылай финалға 16 адам ілінсе, Баландин 21-орында қалып қойды.
Енді ол 50 және 200 метрлерге жүзу сынына қатысады. Бірте-бірте бабына еніп, Баландин жеңіс жолына оралар деп күтеміз.
Әзірше отандастарымыздың ішінде ең жоғары нәтижені Виталий Худяков көрсетіп отыр. Ол 25 шақырымға ашық суда жарысу сынында 7-орынды иеленді. Ол мәреге 5 сағат, 04:36,10 минутта жетті. Худяков чемпион атанған француз Аксель Раймоннан 1:49,70 минут ұтылды. Отандасымыз Кенесары Кененбаев бұл бағдарламада 25-орында қалды. Әйелдер арасында осы қашықтықта жарыс жолына шыққан Ксения Романчук 18-орынды иеленді.
Ал ашық судағы 5 шақырымдық эстафетада отандастарымыз К.Кененбаев, К.Романчук, Н.Рахимова және Л.Черепанов 19 команданың ішінде 18-орын алды.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияға 8:17 есебімен есе жіберді. Енді ватерполшы қыздарымыз 15-орын үшін Оңтүстік Африка құрамасымен кездеседі.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар