1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 тамыз 2017
Контадор қош айтыспақ

Испан велошабандозы Альберто Контадор биылғы «Вуэльта» көпкүндігінен кейін спортпен қош айтысатынын мәлімдеді.
Фейсбук әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында ол: «Сіздерге екі жаңалық айтпақпын. Біріншіден, 19 тамызда басталатын «Вуэльта» додасына қатысамын. Екіншіден, бұл менің кәсіпқой спорттық ғұмырымдағы соңғы бәйге болмақ. Мұны мен қуанышпен, ешқандай өкінішсіз айтып отырмын. Бұл шешімді әбден ойланып барып қабылдадым. Өз елімде өтетін ірі жарыста қош айтысу ең дұрыс болар», – деп жазды ол.
Иә, Болттан кейін Контадордың спорттан кететіні де өкінішті. Ол – барлық «Грунд-турды» жеңіп алған тарихтағы алты спортшының бірі. Сондай-ақ Альберто – үш суперкөпкүндіктің әрқайсысын кемі екі рет жеңіп алған екінші шайтанарбашы. Контадор «Вуэльтада» – үш рет (2008, 2012 және 2014), «Тур де Франста» – екі рет (2007, 2009), «Джиро д’Италияда» екі рет (2008, 2015) бас жүлдені жеңіп алды. 2008-2010 жылдар аралығында Альберто «Астана» командасының намысын қорғады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар