1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 қыркүйек 2017
Бизнес жеңген күн

Бокс әлемі асыға күткен жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды. Головкин-Альварес кездесуінің шешімін төрешілер күні бұрын шығарып қойғандай әсерде қалдық. Бұл кездесуде чемпион емес, сол атақтардан үміткер 12 раунд бойы қашқақтап жүрді.

Төрешілер жазбасы мынадай:
1. Аделаида Бөрд — 118:110 (Альварес пайдасына)
2. Дейв Моретти — 115:113 (Головкиннің пайдасына)
3. Дон Трелла — 114:114 (тең)
Соққылар статистикасы:
Головкин — 703 (оның 218-і дәл тиген, 31%)
Альварес — 505 (169-ы дәл тиді, 33,5%).
12 раундтың 10-ында Головкин қарсыласына қарағанда көп соққы жасады. Бір раундта екеуінің соққысы тең болды, тек екінші раундта ғана Альварес соққысының саны артық деп тіркеліпті.
Ең қызығы, жекпе-жек аяқталған соң Сауль Альварес қатты өкініш білдірді. «Он екі раундтың сегізінде басым болғаныма сенімді едім. Төрешілердің мұндай шешім шығарғанына қайранмын», – деді ол. Головкин болса: «Мұндай қазылық – нағыз масқара. Бұл ең алдымен бокс үшін жаман болады. Мен – сол баяғы чемпионмын. Жұрттардың қандай әсерде болғанын да, жекпе-жек статистикасын да компьютерден көрдім», – деді.
Бокс мамандары дәл нұсқағанындай, бұл жекпе-жекте бизнес жеңіске жеткен секілді. Бірнеше себебіне тоқталайық.
Біріншіден, кездесудің Лас-Вегаста өтуінің өзі біртүрлі. Бұл қалада Альварес бес кездесу өткізген. Оның промоутері Оскар де ла Хойя бокс айналасындағы бизнесін осы қалада жасайды. Головкин мен промоутерлері үшін «Канелоны» қалайда қолға түсіру маңызды болған секілді. Жекпе-жек тіпті Альварестің өз ауылында өтсе де, GGG бұл жекпе-жектен бас тартпас еді. Ол, керісінше, «Канелоны» өз үйінде тығырыққа тіреп, оның жұрт ойлағандай мықты боксшы емес екенін дәлелдеуге тырысқаны байқалады. Әйтпесе Головкин Нью-Йорктегі «Медисон Сквер Гарденді» өз алаңы етіп алғандай еді ғой.
Екіншіден, 16 қыркүйек – Мексиканың тәуелсіздік күні. Ал мұндай атаулы датада Альварес сияқты боксшының жеңілуі тіпті де қарастырылмайтыны айдан анық. Кездесу аяқталғанда «Канелоның» өз халқына сый жасай алмағанына қатты өкінгенін байқауға болады. Головкин де жекпе-жек аяқтала салып дүйім жұртқа осыны емеуріндеді.
Үшіншіден, бұл жекпе-жек негізінен Альварестің қалауына орай өткізілді. Мексиканың азаттық күнін ескермегенде де, бұл күні шаршы алаңға чемпион бірінші көтеріліп, чемпиондықтан үміткер екінші ретпен келуінің өзі талай сөздің гулеуіне себеп. Бокс тарихында үміткердің чемпионнан кейін шыққан кезі болған емес. Демек, осы жекпе-жекке қол жеткізу үшін де Головкиннің промоутерлеріне бір емес, бірнеше кері қадам жасауға тура келген секілді.
Төртіншіден, Бөрд сақтық үшін төрешілікке бекітілгендей көрінеді. Екі әріптесі жекпе-жектің қоян-қолтық, бетпе-бет өткенін нұсқап, 114:114, 115:113 есебін белгілегенде, А.Бөрд Альварестің пайдасына 118:110 деп таныпты. Демек, ол екі раундта ғана Головкин басым жұдырықтасты деп тұр. Басқа екі төрешінің шешімі қандай болғанына қарамастан, таразы басын теңселтуге бір Бөрдтің қорытындысы жеткілікті болуы мүмкін еді.
Бесіншіден, нағыз бабында тұрған екі боксшының басын бір қазанға сыйдырмау арқылы промоутерлер керемет ойын жасады. Альварес өзі жеңілген жағдайда қарымта кездесу сұрауға құқылы болды да, біздің батырдың келісімшартында ондай бап болған жоқ. Енді ұтысқа шыққан промоутерлер де, букмекерлік кеңселер де Головкин-Альварес «дастанының» екінші бөлігін ұйымдастыруға белсене кірісері анық.
Ондай жағдайда Головкин «Канелоны» естен тандыруға тиіс. Әйтпесе 12 раунд бойы қуалап жүріп ұрса да, жеңістің берілмейтініне ол көз жеткізді ғой.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар