1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 қыркүйек 2017
Қыздар төртінші рет дүние додасына барады

Алматыда өткен іріктеу кезеңінде волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жолдамасына қол жеткізді.
Отандастарымыз А тобында сынға түсті. Дүние додасының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы өз тобында кемінде екінші орын алуға тиіс еді. В.Шапранның шәкірттері бұл тапсырманы ойдағыдай орындады.
Дегенмен осы межеге жету оңай болған жоқ. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы негізгі қарсыласы – Қытай құрамасынан ойсырай ұтылды (14:25, 19:25, 15:25). Бұдан кейін қателесуге болмайтынын түсініп, отандастарымыз кейінгі үш қарсыласын да жеңді. Жарыстың ресми нәтижелері мынадай:
Фиджи – Австралия – 0:3 (18:25, 16:25, 10:25)
Қазақстан – Қытай – 0:3 (14:25, 19:25, 15:25)
Тайпей – Фиджи – 3:0 (25:9, 25:12, 25:10)
Австралия – Қазақстан – 1:3 (15:25, 6:25, 25:22, 9:25)
Қытай – Австралия – 3:0 (25:9, 25:12, 25:10)
Қазақстан –Тайпей – 3:1 (25:15, 19:25, 25:19, 25:20)
Тайпей – Қытай – 0:3 (18:25, 14:25, 10:25)
Фиджи – Қазақстан – 0:3 (8:25, 19:25, 14:25)
Қазақстан құрамасы өз тарихында төртінші рет қатарынан әлем чемпионатына жолдама алып отыр.
2006 жыл. Жапония. 17-орын (5 ойын – 1 жеңіс, 4 жеңіліс, 8:12)
2010 жыл. Жапония. 21-орын (5 ойын – 5 жеңіліс, 3:15)
2014 жыл. Италия. 15-орын (9 ойын – 2 жеңіс, 7 жеңіліс, 6:21)
В тобынан әлем чемпионатына Оңтүстік Корея және Таиланд құрамалары жолдама алды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар