1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
26 қараша 2009
Қоржынымыз тағы бiр алтын медальмен толықты

Бет қатталып жатқанда

Кеше кешкiсiн ауыр атлетикадан Оңтүстiк Кореяның Гоянг қаласында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнен қазақ жанкүйерлерi үшiн тағы бiр қуанышты хабар келiп жеттi. Әйелдер арасында 63 келi салмақта ел намысын қорғаған Майя Манеза қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келi салмақты бағындырып, әлем чемпионы атанды.
Майя Манезаның алтын медалi – Оңтүстiк Корея жерiнде Қазақстан қоржынына түскен екiншi алтын медаль. Бұған дейiн 53 келi салмақта өнер көрсеткен он алты жасар жерлесiмiз Зүльфия Шиншанло алтыннан алқа тағынып, ел қоржынына ал­ғаш­қы алтынды салған едi. Кеше кешкiсiн жарыс жолына шыққан Майя Манеза алдымен жұлқи көтеруде 105 келiнi бағындырды. Бұл жаттығуда ресейлiк Виктория Савенконың жолы болды. Ол 112 келi салмақты өз ырқына бағындырып, алғашқы болып алтын­ға жол салған едi. Бiрақ, М.Манеза келесi жаттығуда, яғни серпи көтеруде ресейлiк спортшыға қарасын да көрсетпей кеттi. М.Манеза серпи көтеру кезiнде алдымен 130 келiге тапсырыс берiп, оны ойдағыдай бағындырды. Алтын медальға қол жеткiзу үшiн жерлесiмiзге кем дегенде 141 келiнi бағындыру керек болды. Бас бапкермен ақылдаса келе 141 келiге тапсырыс берген отандасымыз өзiне берiлген соңғы мүмкiндiгiн мүлт жiбермей, алтыннан алқа тақты. Ресей спортшысы да қоссайыс қорытындысы бойынша 246 ұпай жинаған едi. Алайда, ол серпи көтеруде тек 135 келi салмақпен ғана шектелдi. Қола жүлде 243 ұпай жинаған түрiк бойжеткенiне бұйырды. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен жерлесiмiз Татьяна Костенко 203 ұпай нәтижемен он сегiзiншi орынды мiсе тұтты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (8)
s | 26 қараша 2009 12:07
Дүнгеннің қыздары болмаса күніміз не болар еді?
Айсағали | 28 қараша 2009 13:13
Қытайлар қашаннан бері қазақтың намысын жыртатын болыпты? Бұған қазақ мақтануы керек пе, күйінуі керек пе? Күйінуі керек. Қуансақ - Ұлттық намысымыздың жоқтығы. Бұның арты кез-келгенге к... ашып, құл болуға апарады. "Бұқаның істегеніне өгіз қуанады" дейді. Соның кебін киіп тұрмыз. Одан да өз жастарымыздың дайындығына дұрыстап ақша бөліп, жағдай жасау керек еді.
Жын | 28 қараша 2009 16:36
Дүнген болсын,басқа болсын алтын алқа Қазақстанға бұйырса болды емес пе?
Лох | 29 қараша 2009 17:30
Дүнген қыздары болмағанда Қазақстанның үстіндегі күн сөніп қалатын еді.
Саулет | 30 қараша 2009 02:08
Біз болмасқ оларды күні не болар еді. Қытайлар мұндай жарыстарға оларды шығармас еді.Сондықтанда олар Қазақстанда.
Өте намысқой | 30 қараша 2009 15:17
Дүнген болсын,басқа болсын алтын алқа Қазақстанға бұйырса болды емес пе?

"Жын" секілді ешнәрсені таразыламайтын, талғамайтын, көзіне көрінгеннің бәрін аузына сала беретін, намыссыз адам өзіне де, айналасының бәріне өте қауіпті. Ондайлар қазақ арасында көп кездесетіндігі аса өкінішті.
Дарын Орманбек | 30 қараша 2009 22:44
Дүнген болсын,басқа болсын алтын алқа Қазақстанға бұйырса болды емес пе?"Жын" секілді ешнәрсені таразыламайтын, талғамайтын, көзіне көрінгеннің бәрін аузына сала беретін, намыссыз адам өзіне де, айналасының бәріне өте қауіпті. Ондайлар қазақ арасында көп кездесетіндігі аса өкінішті.

Қазақстанды Отан санағанның жеңісі-Қазақстанның жеңісі емес пе?
Дарын Орманбек | 30 қараша 2009 22:50
Қазақстанды Отаным дегеннің жеңісі-Қазақтың жеңісі емес пе? Жеңіс құтты, әрқашан жұпты болсын!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар