Құнанбай қажы мешітінің айшығы табылды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

03.11.2020, 03:44

1036

Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітінің айшығы тоталитарлық жүйенің таз кебін киген. Мінәжат мекенінің тарихы ХVІІІ ғасырға келіп тіреледі. Анығын айтқанда, оны Құнанбай Өскенбайұлы 1851 жылы салдырған. Қазақты діннен айыруды діттеген Кеңес өкіметінің үкімі  мешіттің айшығын алуға жетеді. Суық хабар келген күні Қарқаралының қара ормандай қалың мұсылманы кәлимасын айтып, имандылық үйінің алдына   жиналады. Жедел жеткен жендеттің бірі тұрғындардан  шатырдағы  айшықты атуға әмір береді. Демін ішіне тартқан елдің арасынан  жүрек жұтқан  Имаш есімді біреу суырылып  шығып, бұйрықты  екі етпей орындайды. Шариғаттан аттаған суыққолдыны  сол сәтте беймәлім жан ту сыртынан  қаруымен атып салып, ажал құштырады. Қос бірдей зұлмат жағдайға куә болған жұрт  жанұшыра жан-жаққа ыта  жөнелгенде, Сәдуақас Шәріпқажыұлы  (ел арасында Сәду  молда атанған)  жердегі  айшықты алып үлгереді. Сәдуақас молда оны көзінің қарашығындай қорғап, өмірінің соңына дейін  жастығының  астына салып жасырған.  Кейін құнды жәдігерді оның ұрпақтары мирастық жолмен сақтап келген. Аңызға бергісіз  оқиғадан хабар алған  академик ғалым Ақжан Машани кезінде Сәду молданың шаңырағында болып, жарты айдың жырымен  қанық болған.

Тың мәліметті  аймақтық «Индустральная Караганда» газетінен оқып, артынша  Қарқаралыда тұратын  өлкетанушы Ерлан Мұстафиннен сұрап білдік. Құнанбай мешітінің жарты айын  жарты жыл  іздеген  өлкетанушы екінші мұрагердің шаңырағынан тапты. Кезінде ұлы Абай сүйсіне қараған киелі мұра қазір  өлкетанушының қолында. Есімі жасырын баталы ақсақалдың немерелері оны  қоймадағы  Қытайға жөнелтуге дайындап қойған темір қалдықтардың  арасынан тауып алған.  Аталары кезінде сұқ көзден  жасырса керек.  Өлкетанушы сәл кешіккенде  Құнанбай қажы мешітінің көне бөлшегі  аспанасты еліне еніп, зым-зия жоғалуы ғажап емес  еді.

     Өз уақытында  Қарқаралыдағы  Құнанбай қажы мешітін  діни білімі сауатты хазіреттер, қажылар, сондай-ақ ақида  ілімінен толық хабары бар  салиқалы имамдар басқарған. Имандылық үйінің алғашқы имамы Хасан ахун Сейфуллин болған. Ол бұл құзыретке  Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбай Өскенбайұлының тағайындауымен келген.  1929 жылы  мінәжат мекенінің  есігіне қара құлып салынды. Бірегей мешіттің мұсылмандарға қызмет етуін екі кезеңге бөлуге болады. Мешіттің бастапқы дәурені 77 жылға ұласқан. Кеңестік жүйе кезінде жойылып кетудің аз-ақ алдында қалып, тек еліміз егемендік алға тұста көне орнында  қайта бой көтерді.

Тегтер: мешіт тарих зерттеу хабар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 10:20
Полицейлер өмірден өткен әріптесін еске алды
Сайт әкімшілігі 08.12.2021, 16:24
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың 65% - дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды
Сайт әкімшілігі 08.12.2021, 15:00
Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандардың саны азайды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08.12.2021, 14:35
"Өлгім келеді". Теміртаулық өзін-өзі өртеп жібермек болған
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08.12.2021, 13:30
Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 18:48
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 16 мың жұмыс орны бар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    08.12.2021, 12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00