спорт

Дастан Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді

«Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін матчтарға билет сатыла бастады, деп хабарлайды Қайрат ФК.

Фото: Қайрат ФК

Дастан Сәтпаев үшін бұл кездесулер лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойындар болмақ.

13 маусым (сенбі) | 18:00 «Қайрат» – «Атырау»

17 маусым (сәрсенбі) | 19:00

«Қайрат» – «Қызылжар»

«Қызылжарға» қарсы матчтан кейін Орталық стадионда Дастан Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 жыл бұрын Дастан Сәтпаев «Қайрат» Академиясына келген еді.

Сайт Әкімшілігі