Президент Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына енуімен құттықтады
Тоқаев боксшы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануымен құттықтады.
«Геннадий Головкин – еліміздің спорттық даңқының символы әрі халықаралық спорт қауымдастығындағы Қазақстанның елшісі», – деген президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Головкиннің табыс жолы әлемнің үздік боксшыларының бірі ретінде жас спортшыларды алдағы уақытта да биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлендіре беретініне сенім білдірді.