Қоғам

Құрылтай жасақталғаннан кейін Қазақстанда вице-президент сайланады

Құрылтайдың құрамы толық жасақталғаннан кейін Қазақстанда вице-президент сайланады. Бұл туралы Құрылтайдың алғашқы сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.

Құрылтайдың құрылымы қалыптасқан соң Президент депутаттарға вице-президент пен Премьер-Министрдің кандидатураларын ұсынбақ. Одан кейін Үкімет мүшелері тағайындалады.

Сонымен қатар Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындау жасалатынын айтты.

Құрылтай мен Үкіметтің құрамы толық айқындалғаннан кейін Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялауды жоспарлап отыр.

Тоқаев жаңа құрамдағы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері Жолдауда айтылған бастамаларды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруы қажет екенін атап өтті.

Сайт Әкімшілігі