ПСЖ қатарынан екінші жыл Чемпиондар лигасын жеңіп алды
ПСЖ Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда француз клубы Лондонның «Арсеналын» пенальти сериясында жеңді.
Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Есепті ойынның 6-минутында «Арсеналдың» шабуылшысы Кай Хаверц ашты.
ПСЖ екінші таймда таразы басын теңестірді: 65-минутта Усман Дембеле Хвича Кварацхелияға қарсы жасалған ереже бұзушылықтан кейін тағайындалған пенальтиді сәтті орындады.
Осылайша, ПСЖ өз тарихында екінші рет қатарынан Чемпиондар лигасының кубогын жеңіп алды.