Live

Қанды Қаңтарда ата-анасынан айырылған балаларға грант бөлінді

«Қазақстан халқына» қоры жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал топтағы жастардың жоғары білім алуына қолдау көрсетпек.

Фото: zhasalash.kz

Қор 2025 оқу жылына 500 білім грантын бөліп отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

"2025-2026 оқу жылында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры "Қазақстан халқына" ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді", - деп жазылған хабарламада.

Грант иегері атану мүмкіндігіне келесі санаттағы талапкерлер ие:

  • ауылдық, шағын немесе моноқалаларда тұратын, табысы төмен отбасылардың балалары;
  • жетім балалар немесе кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
  • мүмкіндігі шектеулі азаматтар;
  • ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары;
  • 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;
  • сол оқиғалар кезінде жарақат алған балалар.

Қордың бұл бастамасы — елдегі әлеуметтік әділеттілікті нығайту мен қайғылы оқиғалардан зардап шеккен отбасыларға қолдау білдірудің бір көрінісі.

Айта кетейік, мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Сайт Әкімшілігі