Live

Жамбыл облысында арнайы жасақ қызметкері өзіне оқ атып, көз жұмды

Қордай аудандық полиция бөлімінде қайғылы жағдай болды.

Фото: ашық дереккөз

Жедел әрекет ету арнайы жасағының 1995 жылы туған инспекторы казарма дәлізінде өзіне оқ атқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, лейтенант қызметтік қару — SIG Sauer тапаншасымен самай тұсына оқ атқан.

Оқиғадан кейін ол ауыр жағдайда аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, полицей кешке жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Әзірге оның мұндай қадамға не себеп болғаны белгісіз.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сарбаз өлімі