14 сарбаздың өлімі үшін ұсталған Данияр Хайрушевтің ата-анасы үндеу жасады
14 сарбаздың өлімі үшін ұсталған Данияр Хайрушевтің ата-анасы үндеу жасады.
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметкер қаза тапқаннан кейін күдікті ретінде ұсталған Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы Данияр Хайрушевтің ата-анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
Олар тергеудің жан-жақты, әділ әрі объективті жүргізілуін сұрады.
Хайрушевтің ата-анасы қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді.