Live

«Анасын құттықтай алмайды»: Құрылтай мінберін жеке мақсатта пайдаланған депутат жазаланатын болды

Құрылтай депутаттарына мінберді жеке мақсатта пайдалануға шектеу қойылады. Бұл туралы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, Құрылтай Регламенті бойынша жұмыс тобының жетекшісі Снежанна Имашева мәлімдеді.

Фото: Ақорда

Оның айтуынша, жаңа Регламентте Құрылтай отырыстарын өткізу тәртібімен қатар, депутаттардың мінез-құлқына қатысты талаптар да нақтыланған.

Мәселен, депутат мінберді туған-туысын құттықтау немесе жеке сипаттағы үндеу жасау үшін пайдаланса, бұл ереже бұзушылық ретінде бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда депутатқа Регламентте көзделген тиісті шара қолданылады.

Жұмыс тобының жетекшісі Құрылтай мінбері қоғамдық және мемлекеттік мәселелерді талқылауға арналғанын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі