Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.
Отандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Айбек жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.