спорт

Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы

Фото: из открытых источников

Еңбек шарты тараптардың өзара шешімімен бұзылғаны атап өтілген.

Ресейлік маман Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусымында басқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 кездесу өткізіп, Норвегия құрамасымен тең түсіп, 1 ұпай еншіледі.

Қазақстан құрамасынан да бапкерлер құрамы түгел кетеді. ҚФФ Черчесов пен оның қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.

Футболдан ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің кандидатурасы қарастырылуда.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: футбол