Live

Димаштың испаниялық жанкүйері Мадридте домбырамен "Самалтау" әнін орындады

Димаш Құдайбергеннің Мадридте өткен алғашқы концертінде испаниялық жанкүйері қазақтың халық әні "Самалтауды" домбырамен орындады.

Фото:  Dimashnews

Концерт барысында әншінің жанкүйерлері қазақ мәдениетін қолдау мақсатында ерекше акция ұйымдастырды.

Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España жанкүйерлер клубының бастамасы "La Gran Voz Kazaja" ("Қазақтың ұлы дауысы") деп аталды. Көрермендер ақ түсті желпуіштер ұстап, әншіге қолдау білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақ желпуіштер бейбітшіліктің символы әрі испан мәдениетіне жасалған ишара болды.

Концерт кезінде көрермендер "Тау ішінде" әнінің қайырмасын қосыла шырқады. Ал Димаштың орындауындағы "Дүрдараз" әнін ұзақ қошеметпен қарсы алды.

Концерттің шағын үзілісі кезінде Димаш сахнаға Жозе есімді испаниялық жанкүйерін шақырды. Ол домбырамен қазақтың халық әні "Самалтаудан" үзінді орындады.

Белгілі болғандай, Жозе домбыра тартуды онлайн сабақтар арқылы үйреніп жүр.

Сайт Әкімшілігі