спорт

Елена Рыбакина Канададағы «мыңдық» турнирдің финалына шықты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты.

Фото: ҰОК

Жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы америкалық Кори Гауффты үш сетте де жеңді.

Алғашқы кезеңде Гауфф басым түсіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Алайда қалған екі сетте Рыбакина 6:2, 6:2 есебімен басымдық танытып, финал жолдамасын иеленді.

Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.

Сайт Әкімшілігі