Сараптама

Елордада бір жылда камера 2 есеге көбейді

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Премьер-министрдің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қаладағы камералар саны бір жыл ішінде екі есеге көбейгенін айтты.

Фото: Жас Алаш коллаж

Қазіргі таңда олардың саны 60 мыңға жеткен.

Әкімнің айтуынша, енді барлық бейнекамералар бірыңғай ахуал орталығына біріктіріледі. Сонымен қатар, автоматты түрде тіркелетін құқықбұзушылық түрлері 4-тен 15-ке дейін ұлғаяды.

Бұған қоса, жасанды интеллект негізінде бейнебақылауды талдаудың 35 түрі енгізілмек. Бұл шаралар Астана қаласында жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

Сайт Әкімшілігі