Канье Уэстің концертіне байланысты «Қайрат» футбол матчын басқа қалада өткізеді
Алматының «Қайрат» футбол клубы 14 тамызға жоспарланған еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі матчын Түркістанда өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Клубтың хабарлауынша, дәл осы күні Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді. Осыған байланысты негізгі стадион еурокубок кездесуін қабылдай алмайды.
Қалыптасқан жағдайды және халықаралық жарыстардың тығыз күнтізбесін ескерген «Қайрат» УЕФА-ға матч өтетін орынды өзгерту туралы өтініш жолдаған.
Нәтижесінде УЕФА кездесуді Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізуге келісім берген.
Клуб матчтың нақты күні, басталу уақыты және билет сатылымы туралы ақпарат команданың еурокубоктағы келесі кезеңдегі қарсыласы анықталғаннан кейін жарияланатынын хабарлады.