Live

Қарағандыда автокөліктен 17 пышақ жарақаты бар әйелдің мәйіті табылды

Қарағандыда 22 сәуір күні Қарағанды қаласындағы Толепов көшесінде тұрған автокөліктердің бірінен 34 жастағы әйелдің пышақ жарақаттары бар мәйіті табылды.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған. Жарияланымдарда әйелдің көлік ішінде өлі күйінде табылғаны айтылған. Сондай-ақ қолданушылар оның баласын балабақшадан алып кетпегеннен кейін іздеу басталғанын жазған.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция өкілдері сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, ал өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: қарағанды