спорт

Қазақстан командасы футзалдан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы Испаниямен өткен тең ойыннан соң, Ливия құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп - 4:1.

Қарсыластар алғашқы голды өз қақпасына соғып алса, кейін біздің команда сапынан Біржан Оразов, Жахангир Рашид және Альберт Ақбалықов көзге түсті.

Осылайша, Қазақстан командасы 4 ұпаймен D тобында аралық бірінші орында келеді.

Nazym Sapar
Тегтер: футбол