спорт

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кете ме?

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Фото: ҚФФ

Федерация мәліметінше, ҚФФ маманға толық сенім білдіреді және оның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды.

Сондай-ақ ҚФФ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Федерация кадрлық өзгерістерге қатысты барлық ресми ақпарат тек ҚФФ-ның ресми ресурстарында жарияланатынын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі