Live

Қызылордада жалған ақпарат таратқан 22 жастағы қыз қамауға алынды

Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Шұғыла Сәбит полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ұсақ бұзақылық жасағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды.

Фото: полиция

Полиция мәліметінше, қыз түнгі уақытта тыныштықты бұзып, әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялаған. Сонымен қатар құқық қорғау қызметкерлеріне құрметсіздік танытып, олардың заңды талаптарына бағынбаған.

Сот шешімімен тұрғынға әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, оған әкімшілік айыппұл салынып, ресми ескерту берілді.

Қабылданған шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі тиісті жазбаларын өшірген.

Бұған дейін Шұғыла Сәбит әлеуметтік желіде өзін «күлгені үшін жауапкершілікке тартты» деген ақпарат таратқан болатын. Полиция бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі