Легионерлерден бас тарту бюджетке 8 млрд теңгеден астам үнем әкелді
Қазақстанда кәсіби спорт клубтарын қаржыландыруға қойылған шектеулер мен легионерлерден толық бас тарту нәтижесінде бюджеттен 8 млрд теңгеден астам қаражат үнемделген. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, спорт саласына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және спорттық резервті дамытуға мүмкіндік берген.
Соның арқасында балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі екі есеге жуық артқан. БЖСМ-дегі бір тәрбиеленушіге жыл сайын жұмсалатын қаражат 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін өскен. Сонымен қатар балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 30%-ға көтерілген.
Мамандарды кезең-кезеңімен тестілеу де қолға алынған.